Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Мәдени шаралар

“Кітап-сарқылмас асыл қазына” атты интеллектуалды сайыс.

   “Ымырттағы кітапхана” мәдени-әлеуметтік шарасы аясында бүгін орталық кітапхананың оқу залында кітапханашылар арасында “Кітап-сарқылмас асыл қазына” атты интеллектуалды сайысы өтті. Сайыс “Тапқыр болсаң, озып көр”, “Өз өлкесін білмеген, дүниені де біле алмайды”, “Әдебиет алыптары” (кітапханалық квест) атты 3 кезеңнен тұрды. Сайысқа кітапхана мамандарынан құралған “Тамсан”, “Бірлік”, “Tesla” топтары қатысып, ерекше шапшаңдығымен, тапқырлығымен оқ бойы озып шығып, “Tesla” тобы 1-орын жеңімпаздары атанды. Шараның мақсаты: әріптестер арасындағы ұжымдық қарым-қарым қатынасты нығайту, өз өлкесін жан-жақты зерттеп танысуға ықпал ету.

     


«Жем-Сағыздың сәлемі» атты мерекелік кеш

   Ақтөбе қаласы Өнер орталығында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай, Байғанин ауданының, 95 жылдығының аясында «Жем-Сағыздың сәлемі» атты мерекелік концерт өткізілді.

   •Мерекелік кешке облыс әкімінің орынбасары Б.Елеусінова қатысып облыс әкімінің арнайы құттықтауын жеткізіп, ықылас гүлін табыс етті.

   •Мерекелік шараға арнайы қонақ ретінде шакырылған, Байғаниндік азаматтар, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, облыстық басқарма басшылары қатысып өз жылы лебіздерін білдірді.

   •Шара аясында суретші, этнодизайнер Г.Серікқызынын өнер туындылары, тарихи жәдігерлер, Аудандық кітапхананың “Байғанин байтақ, жәйнаған өлкем” атты кітап көрмесі, «Ауыл аманаты» бағдарламасының,үздік жобалары таныстырылды.

   •Кеш барысында Қазақстан Республикасының өнер жұлдыздары, Е. Сәдуақасов, Н. Абдуллин, А. Жанғалиев өнер көрсетті.

     


“Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы”

   Аудандық орталық кітапханада Тәуелсіздік күніне орай “Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы” атты тәуелсіздік жолындағы Желтоқсан тарихи оқиғасының куәгерлері Нұрбек Тілеубергенов,Нұрила Тілеубергенова, Зәуреш Иванқызы Шалабаева, Нұргүл Қалимағанбетовалар қатысып, тәуелсіз еліміздің тарихы, еліміздің тыныштығы мен экономикалық дамуы туралы ой пікірлерімен, естеліктерімен бөлісті. Кітапхана оқырмандарының тәуелсіздік, Қазақстан, отан тақырыбында өлең жырлары тыңдалды. Кітапхана әкімшілігі атынан Желтоқсан оқиғасы куәгерлеріне ризашылығын білдірді.

 











«ӘДЕБИ КИНО ӘЛЕМІ» атты Book movie шарасы өтті.

   Аудандық орталық кітапхананың Коворкинг орталығында «Ымырттағы кітапхана» мәдени –шарасы аясында Оқырмандардың уақытын пайдалы әрі қызықты өткізуге үлес қосу, оларға жазушылардың шығармалары желісінде түсірілген фильмдерді кітап арқылы таныстыру, кітап оқуға баулу мақсатында.

     


”Кітапхана- білімнің көзі, кітапханашы- оның тірегі”атты мерекелік кеш

   24қазан-Кітапханашылар күніне орай аудан кітапханашылары және кітапхана ісінің ардагерлерімен ”Кітапхана- білімнің көзі, кітапханашы- оның тірегі”атты мерекелік кеш өткізілді.

   Мерекеге аудан әкімі А. Көпенов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшы м. у. а. Данияр Қоштанбеков,аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ. Жақасов қатысты. Аудан әкімі, мәдениет тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Д. Қоштанбеков, аудандық ОКЖ директоры мерекелік кеште кітапханашылар күнімен құттықтап, марапаттап, кәсіби мерекеде кітапхана мамандарына шығармашылық табыс тіледі. Еңбек ардагері Б. Кенжебаева, К. Дүзбаева, Л. Дәрібаева, О. Сағымбаева, аудандық шығармашылық үйі, аудандық мәдениет үйінің директоры Г. Кунаева мерекелік лебіздерін арнады. Мерекелік кеште аудан орталығындағы мектеп кітапханашылары қатысып, әріптестік, шығармашылық байланыста бірлесе жұмыс жасағандары үшін алғыс хаттар

     


“Қажырлы қадам, қадірлі қалам иесі” тақырыбында кеш

   Бүгін аудандық мәдениет үйінің және аудандық кітапхананың, аудандық білім бөлімнің ұйымдастыруымен Байғанин ауданының ақпарат саласының ардагері Досқұлов Қарабайдың 90 жылдығына арналған “Қажырлы қадам, қадірлі қалам иесі” тақырыбында кеш өтті. Баспасөз саласында ұзақ жылдар қызмет етіп, туралығымен танылған талант иесіне арналған кешке аудан әкімінің орынбасары Әсет Тілеуқабақұлы, облыстық баспасөз саласынан құрметті қонақтар, туыстары мен ұстаздар, оқушылар қатысты. Шараның маңыздылығына тоқталған “Ақтөбе-медиа” ЖШС директоры Раукен Отыншин Қарабай Досқұлов атындағы сыйлықты аудандық “Жем-Сағыз” газеті редакторының орынбасары Бақытгүл Боранбаеваға табыстады. Сондай-ақ аудандық “Жем-Сағыз” газетінің ұжымы Қазақстан Журналистер одағының Құрмет грамотасымен марапатталды. Шара барысында Қарабай Досқұлов атындағы байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне де арнайы сыйлықтар табысталды. “Кітаптайм” оқырмандар клубы мен аудандық “Жем-Сағыз” газеті редакциясының ұйымдастыруымен, аудандық білім, мәдениет бөлімдерінің қолдауымен, Қарабай Досқұловтың ұрпақтарының үлкен көлемдегі қаржылай демеушлігімен өткізілген байқау нәтижесінде төмендегі оқушылар жеңімпаз атанып, бағалы сыйлықтарға ие болды:

     


«Отбасы бақыт мекені» атты кездесу.

   Қыркүйек айының 20 сыншы жұлдызы күні, отбасы дәстүрлері, міндеттері туралы алғашқы құндылық түсініктерін қалыптастыру мақсатында Отбасым-отаным деп ой түйген, Отбасындағы Ата мен Ананың орны төр деп құрмет тұтқан, Отбасының әр мүшесін ұлы тұлға деп тани білген, Отбасындағы әр баланың болашағынан зор үміт күтіп, үкілеп отырған – Республикалық «Мерейлі отбасы» байқауының лауреаттары Спановтар отбасымен «Отбасы бақыт мекені» атты кездесу кеші өткізілді. Шараға отбасының ақ жаулықты анасы ұл-қыздарын келіндерін ерте келіп, өнегелі әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі туралы және балалық шақтарын әсерлеп баяндап берді. Сонымен қатар ауданымыздың жас талантты әншілері Жарас Алпамысұлы «Әкешім –Анашым», Дүйсекенов Қанат «Анаға сағыныш» әндерін орындады. Кеш барысында шараға арнайы шақырылған қонақтар Аудан әкімінің аппаратының әйелдер істер және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Ыбрайева Бағдагүл ханыммен ардагерлер кеңесінің мүшесі Әлжан Құрманғали арнайы сөз сөйлеп құттықтауларын білдірді.

     


“Білікті маман - елдің тірегі” атты кездесу.

   «YMYRTTAGY KITAPHANA» мәдени-әлеуметтік шарасы аясында Қажығали Мұқанбетқалиұлы атындағы орта мектеп - гимназиясының 11 сынып оқушыларына яғни жас түлектерге бағыт - бағдар беру мақсатында “Білікті маман - елдің тірегі” атты кездесу кеші өтті. Кездесу кешіне Байғанин ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бөлім бастығының орынбасары Наурызалин Оралбай, Байғанин ауданы төтенше жағдай бөлімінің аға инженер Қуандық Тілеуберді, ЖРО- ның бастығы Ернұр Мәтжан, блогер белсенді жас Нұрдәуір Нұрланұлы, жеке кәсіпкер Нұраян Оразов, студент , кітапханамыздың тұрақты оқырманы Амандықов Ақнұр қатысып жастарға өздерінің ақыл кеңестерін берді. Сонымен қатар жастар ресурстық орталығының мамандары жас түлектерге тренинг өткізді. Жас түлектер өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойды.

     


“Қол өнер - сырлы өнер” атты мастер класс.

   «YMYRTTAGY KITAPHANA» мәдени-әлеуметтік шарасы аясында Тобық Жармағамбетов атындағы орта мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Гулсара Мәтжанқызымен “Қол өнер - сырлы өнер” атты мастер класс өтті.Мастер класста Гулсара Мәтжанқызы өзінің қол өнер туындаларынан көрме жасап таныстырды. Сонымен қатар қол өнерге қызығушылығы бар оқушылары заманауи сөмке, қағаздан гүл жасаудан шеберлік сағатын оқырмандарымызға көрсетті.

     


“Отбасым-бақыт мекенім”

   Отбасы-адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Отбасы - сүйіспеншіліктің , құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі.

   Осы орайда, бүгін аудандық орталық кітапхананың оқу залында “Отбасым-бақыт мекенім” атты үлгілі отбасылармен кездесу кеші өтті. Кеш қонақтары: қоғам белсендісі, зейнеткер, ұстаз, 9 жыл методикалық кабинеттің меңгерушісі, 11 жыл білім бөлімінің басшысы, 12 жыл аудандық ішкі саясат бөлімі бас маманы, бөлім басшысы қызметтерін атқарған, қазіргі таңда аудандық сайлау комиссиясының төрағасы - Аққожаев Қожағали ағай, жұбайы: зейнеткер ұстаз - Өтесінова Балияш апай.

   Ақтөбе облысының үздік психологі, педагог-психолог, кәсіпкер - Гүлнұр Искендірқызы.Кеш барысында отбасы құндылығы, отбасы бақыты, жастарға өмір қағидаттарын ұғындыру, қазақы тәрбиені өскелең ұрпақ бойына сіңіру сияқты тақырыптар төңірегінде әңгіме өрбіді. Қожағали ағай мен Балияш апай жастарға ата-ананы сыйлауды, түсінуді, отбасындағы тәрбиенің үлкен өмірдегі әсері жөнінде тұшымды ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, Қожағали ағай қазіргі кездегі отбасы тәрбиесі мен дәстүрлі қазақ отбасындағы тәрбиенің айырмашылығын ашып, жіліктеп, келген оқушыларға әңгіменің майын тамызып тұрып түсіндіріп берді. Ал, психолог Гүлнұр Искендірқызы писхологиялық тренинг ұйымдастырып, қатысушыларды бір сергітіп алды. “Бақытты отбасының формуласы қандай?”-деген ортақ сауалға : -сыйластық, бір-бірін ұғыну, білімділік деп жауап берген Қожағали ағай әдемі әзілімен кешті байланыстырып отырды.

   Кеш барысында жас әнші Жарас Алпамысұлы “Әкешім -Анашым”, “Есте қалсын”атты әндерін орындап, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Кештің әсерлі де әдемі өтуіне үлес қосқаны үшін Байғанин аудандық мәдениет үйі мен қызметкерлері Жарас Алпамысұлы мен Смадинов Аманжанға ерекше алғысымызды білдіреміз.

Бисен Жақанұлы 90 жас

       «Өнегелі ғұмырдың шамшырағы» атты кездесу кеші.

   Құт - береке дарыған қасиетті Жем-Сағыз өңірінде дүниеге келіп, бүкіл саналы ғұмырын туған елі мен халқына арнаған, аудан халқы мақтан ететін перзенті, ұстаз, Халық ағарту ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин медалінің иегері, ҚР «Үздік өлкетанушысы», «Невада –Семей» антиядролық қозғалыс ардагері,ҚР Журналистер одағының мүшесі, журналист Бисен Жақанұлының 90 жасқа толу мерейтойына орай аудандық мәдениет үйінде «Өнегелі ғұмырдың шамшырағы» атты кездесу кеші өтті.Кездесу кеште аудандық кітапхана қоры жүйесі негізінде «Ұлағатты ұстаз. Өлкетанушы» атты кітап көрмесі жасақталып кеш қонақтарына таныстырылды.https://www.instagram.com/baiganinkitapkhana/


«Ақын - елдің ардағы» атты поэзиялық батлл өткізілді.

   «ЫМЫРТТАҒЫ КІТАПХАНА» әлеуметтік-мәдени шарасы аясында кітапханамызда алдыңғы аға буын қалыптастырған әдебиеттің ұлы дәстүрін жалғастырушылар, қалам мен дәптерді серік етіп жүрген ауылымыздың ақындарын таныстыру, жас ұрпаққа аға-апаларын үлгі етіп, жастардың кітап оқуға құлшыныстарын арттыру мақсатында «Ақын - елдің ардағы» атты поэзиялық батлл өткізілді.

   Кеш қонақтары ауылымыздың мектеп директоы, ұстаз, «Дүр дүние» жинағының авторы Самалгүл Сейілқызы, ауылдық әкімшілігінің бас маманы Қымбат Қожатілеуқызы, ақынжанды, дарынды азаматтар Марат Алпысбайұлы мен Теміржан Төлемісұлы. Іс-шара барысында ақындарымыздың өлеңдерін жаттап, үлгі алып жүрген жас оқырмандар өлеңдерін мәнерлеп оқыса, кеш қонақтарыда өз туындыларын оқып берді. Кеш қонақтарына сұрақтар қойылып, ақындарымыздың сөздеріне жазылған әндері орындалды.

     


«Мәңгілік мұра» атты кездесу кеші

   «ЫМЫРТТАҒЫ КІТАПХАНА«» мәдени-әлеуметтік шарасы аясында «Мәңгілік мұра» атты “Қазанғап” халықтық оркестрінің құрылғанына 55 жыл толуына орай оркестр мүшелерімен кездесу кеші өткізілді. Кеште оқырмандарға оркестрдің шығу тарихы, алған марапаттары сонымен қатар өткен қызықты оқиғалар айтылды.

 











«Ұлттық қолөнер - тәрбие көзі»

   18 наурыз күні ұлттық қолөнерді насихаттау мақсатында Қолданбалы - декоративті өнер үйірмесінің жетекшісі Асауова Жаннат Жұмабайқызымен «Ұлттық қолөнер - тәрбие көзі» атты шеберлік сағаты өткізілді. Шеберлік сағатқа Жаннат Жұмабайқызы оқушыларымен келіп, тықыр кілем тоқу мен ши тоқудан мастер класс көрсетті.

     


Ымырттағы кітапхана

«Біздің тренер Аналар»

   Мәдени-әлеуметтік шарасы аясында «Біздің тренер Аналар» тақырыбында 8наурыз-Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай сұхбат өткізілді. Сұхбатқа ауданымыздағы жас өспірімдерді Жүзуден, Волейболдан, Дзюдодан жаттықтырып түрлі жетістіктерге жеткізіп жүрген жаттықтырушы апайлар қатысты. Сұхбат барысында спорттың адамға пайдалы екенін, сонымен қатар үйірмеге қатысатын балаларға ата-анадан қолдау керек екенін айта өтті. Сұхбат өз деңгейінде өтіп, оқырман көңілінен шықты.

 











Мәдени шаралар мұрағат 2022 ж толығырақ...
Мәдени шаралар мұрағат 2021 ж толығырақ...
Мәдени шаралар мұрағат 2020 ж толығырақ...
Мәдени шаралар мұрағат 2019 ж толығырақ...
Мәдени шаралар мұрағат 2018 ж толығырақ...
Мәдени шаралар мұрағат 2017 ж толығырақ...
Мәдени шаралар мұрағат 2015-2016 ж толығырақ...
Мәдени шаралар мұрағат 2013-2014 ж толығырақ...





 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі