Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Мәдени шаралар

“Қазақстанның құрметті кітапханашысы”


  Кітапхана қызметкері Алпысбаева Татти Кожабергеновна Қазақстандық Кітапханалық Одақтың “Қазақстанның құрметті кітапханашысы” төсбелгісімен марапатталды.












“Тәуелсіздік мәңгілік елдің тұғыры” атты дөңгелек үстел

   Бүгін аудандық орталық кітапханада дүрбелеңге салған желтоқсан оқиғасына қатысып, ел тәуелсіздігіне үлес қосқан жерлестеріміз Тілеубергенов Нұрбек Құлмырзаұлы, Тілеубергенова Нұрила және Иванқызы Зәуреш пен “Тәуелсіздік мәңгілік елдің тұғыры” атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге аудан әкімінің орынбасары Әсет Тілеуқабақұлы қатысып, кеш қонқтарын мерекемен құттықтады.

   Дөңгелек үстел барысында желтоқсан оқиғасының куәгерлеріне сұрақтар қойылып, әсем әндер айтылып кешке келген қонақтар мен оқырмандарға кітапхана қоры негізінде “Тәуелсіздік таңы мәңгілік” атты кітап көрмесі жасақаталып таныстырылды.

     


«Бір ел - бір кітап 2022» акциясы аясында

«Тілім барда қазағым бар, халқым бар» атты интеллектуалдық байқау

   Аудандық кітапханада «Бір ел - бір кітап 2022» акциясы аясында шығармалары оқуға алынған 20 ғасырдың басындағы ұлт - азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, Алаш зиялыларының көсемі, тұңғыш қазақ тілтанушы ғалымы, ақын, әдебиет зерттеушісі, ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Тілім барда қазағым бар, халқым бар» атты интеллектуалдық байқау өтті.

   Байқауға:Қарауылкелді бөбекжай - балабақшасынан «Қарлығаш» тобы,Жастар ресурстық орталығынан «Жастар» тобы,Рауан бөбекжай - балабақшасынан «Алаш» тобы, Шаттық бөбекжай-балабақшасынан «Жүйрік» тобы, Оңалту орталығынан «Оңалтудың озықтары» топтары қатысып 4 кезең бойынша бақтарын сынады.

   Байқауда қатысушылар көнерген сөздердің мәнін ашып, ұлт ұстазы- Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтарға жауап берді.Байқау нәтижесі бойынша 1 орын Жастар ресурстық ортылығы «Жастар» тобы 2 орын Шаттық бөбекжай-балабақшасы «Жүйрік» тобы 3 орын Оңалту орталығы «Оңалтудың озықтары» тобы иеленіп диплом, сыйлықтармен марапатталды.Қарауылкелді бөбекжай - балабақшасының «Қарлығаш» тобымен Рауан бөбекжай - балабақшасының “Алаш” топтыры алғыс хаттармен сыйлықтармен марапатталды.

     


С.Баймолдиннің 80 жылдығына «Жырларымен жылу шашқан жүрекке» атты кеш

   Бүгін киелі Жем-Сағыздың топырағынан түлеген, Байғанин өңірінің дарынды перзенті, көрнекті ақын Сәбит Баймолдиннің 80 жылдық мерейтойына орай, аудандық мәдениет үйінде «Жырларымен жылу шашқан жүрекке» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кеш барысында кітапхана қоры негізінде «Жыр жүректің бұлағы» атты кітап көрмесі жасақталып, кеш қонақтарына таныстырылды.Кеш барысында ақынның зайыбы Жантөре Әбілханқызы, қыздары Ләззат, Ләйлә Баймолдиналар, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық ұйымының төрағасы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің кафедра меңгерушісі Алтай Тайжанов, Қазақстан Журналистер одағы облыстық ұйымының төрағасы, «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин ақын туралы естеліктерімен бөлісті.

     


«Талғамы биік, тағылымы терең қаламгер» атты конференция

   Жерлес жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Байғанин ауданының «Құрметті азаматы» Қажығали Мұханбетқалиұлының туғанына 80 жыл толуына орай Қажығали Мұханбетқалиұлы атындағы орта мектеп - гимназиясында «Талғамы биік, тағылымы терең қаламгер» атты конференция өтті.Конференцияға кітапхана қоры негізінде «Парасат биігіндегі қаламгер» атты кітап көрмесі жасақталып таныстырылды.Сонымен қатар кітапханашы Адилхан Ажар «Заман келбетін зерделеген жазушы» атты баяндама оқыды.

     


Туған жердің тұлғасы

   Республикалық «Kitap Time-2022» кітап фестивальі «Автограф Time» жобасы аясында «Туған жердің тұлғасы» атты өңірдің мәдени-рухани өміріне өзінің шығармашылығымен үлес қосып келген еңбек ардагері, ұстаз, өлкетанушы, жазушы-этнограф, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Республиканың «Үздік өлкетанушысы», Республикалық Ардагерлер қоғамдық ұйымы бірлестігінің «Құрмет» төсбелгісінің иегері, «Байғанин ауданының Құрметті азаматы» Ибрагим Ермекбайұлымен кездесу кеші өтті.

   Кеш барысында өлке тарихына қатысты әсерлі әңгіме айтылып, риясыз сұхбат өткізілді. Қарауылкелді орта мектебінің 9 класс оқушылары Бәкір Тәжібаевтың «Ақбұлақ» әнін шырқап кеш көркін кіргізді. Кеш соңында Ибрагим Ермекбайұлы кітапханаға естелікке кітап сыйлады.

     


Kitap Time - 2022

«Жауқазын жыр иелері» атты кездесу кеші.

   Республикалық «Kitap Time – 2022» кітап фестивальі «Поэзия Party» жобасы аясында ауданымыздың талапкер жас ақындарымен «Жауқазын жыр иелері» атты кездесу кеші өтті.Кездесу кешіне алдыңғы аға буын қалыптастырған әдебиеттің ұлы дәстүрін жалғастырушылар, қалам мен дәптерді серік етіп жүрген Айсұлтанқызы Ардақ, Ақторғын Алдаберген, Ернұр Мәтжан, Жаманбай Есімхан, Жеткірбай Айнабек, Нұрмағанбет Мерген қатысты.

   Сонымен қатар кешке шығармашылықпен айналысып жүрген мектеп оқушылары қатысып өз қаламдарынан туған өлеңдерін оқып сұрақтарын қойды.

     


Мерейлі отбасы -2022

   Бүгін аудандық орталық кітапханада коворкинг орталығында “Отбасы бақыт мекені” атты кездесу кеші өтті.Кездесу кешіне «Мерейлі отбасы -2022» республикалық байқауының облыстық кезеңінің қатысушылары, аудандығы спорт пен өнерде жоғары жетістіктерге жеткен өнегелі жанұя Төлегеновтер отбасы мен 20 жыл бір шаңырақ астында шаттыққа толы бақытты ғұмыр кешкен Есқалиевтер отбасы қонақ болды.

   Кеш барысында отбасы құндылықтары, отбасын сақтау, жанұядағы сыйластық пен татулық жайында сөз қозғалып, тұшымды ойлар айтылды. Ауданнын қоғамдық мәдени өміріне белсене араласып жүрген Наталья және ардагер ұстаз, қоғам белсендісі Қазина апайларымыз қатысып кейінге жас ұрпаққа отбасы татулығы жайлы өз ойларымен бөлісті. Кешті мәдениет үйінің қызметкері Жарас Алпамысұлы әсем әнмен әуеледі.

     


«Жармола» жәрмеңкесі

«Байғанин- байтақ жайнаған өлкем» атты кітап көрмесі

   Ырысты Ырғыз жерінде 10-11 қыркүйек күндері аралығында әйгілі «Жармола» жәрмеңкесінің 152 жылдық мерейтойы өтті.Облыс әкімі Е.Тоғжанов салтанатты шараға қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Және Байғанин ауданы тіккен Бөкенбай батыр Қараұлының ордасына бас сұғып, өңір тарихымен танысты.

   Даласы дархан, қойнауы құтты, тарихы терең ашық аспан астындағы тарихи- табиғи ескерткіштерге бай киелі Байғанин ауданының тарихымен, ауданнан шыққан батырлармен, ғалымдармен және ақын - жазушылардың шығармаларын, өмір жолдарын,ерен еңбектерін насихаттау мақсатында кітапхана қоры негізінде жасақталған «Байғанин- байтақ жайнаған өлкем» атты кітап көрмесі таныстырылды.

   Екі күнге созылып, мыңнан аса адам қатынасқан шарада 20 киіз үй тігілді. Көкпар, аламан бәйге және қошқар көтеру сынды ұлттық ойын жеңімпаздарына жүлделі сыйлықтар үлестірілді.

     


Ымырттағы кітапхана мәдени шара

«Қыз бала - ұлттың ұяты, отбасының шырайы»

   Бүгін аудандық кітапханада «Ымырттағы кітапхана» мәдени шарасы өтті. Шарада «Қыз бала - ұлттың ұяты, отбасының шырайы» атты қазақ халқының әдет - ғұрпы, салт - дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып ұлттың тыныс - тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершілік тұрғандығын сезіне отырып отбасында қыз балалардың әдепті, сыпайы адамгершілігі мол білімді болуына , өзін -өзі тәрбиедеуге ықпал ету мақсатында ТалқыLike өтті.

   Шараға аналар кеңесінің мүшелері аға оқытушы , зейнеткер ұстаз, іскер әйелдер ассоциациясының мүшесі, спорт ардагері Аманғалиева Мира, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі жоғары санатты дәрігер, еңбек ардагері Шекеева Наталья Есбергенқызы, ҚР білім беру ісінің үздігі,ұстаз ардагер Ақдаулетова Алтынай, ардагер ұстаз Әбдіхалықова Асылхан, Байноғаева Дариға қатысты. Сонымен қатар 1 Қарауылкелді орта мектебімен 2 Қарауылкелді орта мектебінің 9-10 сынып оқушылары қатысып сұрақтарын қойды.

     


Қажығали Мұқанбетқалиұлының туғанына 80 жыл

   Қазақ әдебиетінде өзіндік ерекше орны бар, танымал жерлес жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Байғанин ауданының құрметті азаматы жерлесіміз Қажығали Мұқанбетқалиұлының туғанына 80 жыл толуына орай бекітілген жоспар бойынша кезекті шара Жаңажол ауылдық округінің Оймауыт ауылында 27-28 маусым аралығында өтті.

   Шараға жазушының жұбайы Сұлуханым, қызы Дариға арнайы келіп қатысты. Сонымен қатар Жаңажол орта мектебіне жазушының құрметіне орай тақтайша орнатылып, ашылу салтанаты өтті.Қаламгердің қарымды қаламынан жарық көрген туындылары жайлы, шағармашылығы мен қайраткерлік тұлғасы жайлы Жұмабаев Төлеген, Ибрагим Ермекбаев және Әділханов Темірхан өз естеліктерімен бөлісті.

   Сонымен қатар кітапхана қоры негізінде жасақталған жазушының өмір жолынан, шығармашылығынан, еңбектерінен, естелік суреттерден «ПАРАСАТ БИІГІНДЕГІ ҚАЛАМГЕР» атты кітап көрмесі таныстырылды.

     


Мәдениет және өнер қызметкерлері күні

   21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Мұхамбетияр Гүлзада «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен және Татабаева Несібелі, Тажикова Жазира, Исаева Гүлшашқан аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

   Төлеу Ләззат, Қойлыбай Жанаргүл, Имашева Айкерім салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының Құрмет грамотасымен марапатталды. Хусайнова Светлана, Амантурлина Жанат аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.Қолдасбаевтың алғыс хатымен марапатталды.

 











«Отбасы - тәрбие бастауы» Алтын той иелерімен кездесу кеші.

   12 мамыр күні «Коворкинг» орталығында 15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай Алтын той иелері Қожабаевтар отбасымен кездесу кеші өтті.

   15 - мамыр Халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының бекітуімен аталып өтіледі. Мерекеге орай аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен өмір айдынында елу жыл бірге келе жатқан шуақты шаңырағы қашанда балаларының ыстық ықылас - пейіліне, немеренің күміс күлкісіне толы, қазақы тәрбие тамырын тереңге салған алып бәйтерек, алтын той иелері Қожабай Жолдыбай, Сәрсенғазина Базаргүлмен «Отбасы - тәрбие бастауы» атты кездесу кеші өтті.

   Жарты ғасырға жуық бір шаңырақ астында тату - тәтті өмір сүріп, жапырағы жайылған жанұяның өнегелі өмірі, отбасы құндылықтары, бала тәрбиесіне қатысты сұрақтар қойылды.Кеш соңында Қожабаевтар отбасына аудан әкімінің орынбасары Жеткізгенов Әсет Тілеуқабақұлының атынан Алғыс хатпен және кітапхана ұжымы атынан Құттықтау қағазымен естелік сыйлық табысталды.

     


Ымырттағы кітапхана

   Шара барысында кітапханамыздағы «Сырласайық, замандас» қонақжай клубының қадірлі қонағы өнегелі өмірін өнерге арнаған бойына біткен талант арқылы бірнеше әндердің тұсауын кескен,сазгер, әнші Әнуарұлы Асқармен кездесу кеш өтті. Кеште сазгердің шығармашылығымен өнер жолына арналып түрлі сұрақтар қойылды. Бәкір Тәжібаев атындағы балалар музыка мектебінің ұстазы Ақбота Тәжімағанбетованың орындауында Асқар Әнуарұлының әніне жазылған «Қызға тілек» әні және сазгердің әніне жазылған әсем әндер шырқалды.

   Сонымен қатар аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен қазақтың салт-дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, жас өркеннің бойына сіңіру мақсатында 1 Қарауылкелді орта мектебінің 7 сынып оқушылары «Бесікке салу» рәсімінен көрініс көрсетті.

   Кешке келген оқырмандарымызды кітап оқуға қызықтыру мақсатында 3 - кезеңнен тұратын «КітапTime» танымдық - әдеби викторина ұйымдастырылып, аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Ауылдың балалары» ансамблінің орындауында жарапазан айтылып , өнерпаз Тоғызбай Інжу Қайратқызы “Самғау” атты әсем ән шырқап қасиетті рамазан айында келген қонақтарға кітапхана ұжымы атынан ауызашар берілді.Рухани - мәдени кешке қатысқан барша қонақтарға, өнерпаздарға, оқырмандарға кітапхана ұжымы атынан алғыс білдіреміз

     


Жырларымен жылу шашқан жүрекке

   Аудандық орталық кітапханада қазақтың көрнекті ақыны жерлесіміз Сәбит Баймолдиннің 80 жылдығына арналған «Жырларымен жылу шашқан жүрекке» атты әдеби поэзиялық онлайн кеші өтті.

   Кешке аудан әкімінің орынбасары Жеткізгенов Әсет Тілеуқабақұлы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қолдасбаев Нұрәділ Алтынбайұлы және ақынның көзін көрген замандастары, онлайн байланыспен қашықтықтан ақынның қыздары Ләззат, Ләйла Баймолдиналар қатысты. Ақынмен бірге қызметтес болған ақпарат саласының үздігі,Егемен Қазақстан газетінің ардагері Гүлзейнеп Садырқызы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Бақтыбай Жайлау сонымен қатар ақынның туған жері Қарабұлақ өңірінен мектеп директоры Келдібай Ахмет және кітапхана қызметкерлері, Көлтабан селолық округінен ақынның көзін көрген жерлестері қатысты. Кеш барысында ақынның қаламынан туған өлеңдерін кітапхана оқырмандары оқып, ақынның жерлесі Жеткірбай Айнабек ақынға өз арнауын арнап, кеш қонақтары әдемі естеліктерімен бөлісті

     


ПАРАСАТ БИІГІНДЕГІ ҚАЛАМГЕР

    Жарлы ауылдақ мәдениет үйінде шоқтығы биік жерлес жазушы Қажығали Мұқанбетқалиұлының туғанына 80 жыл толуына орай «ПАРАСАТ БИІГІНДЕГІ ҚАЛАМГЕР» атты әдеби кеш өткізілді.Кеш аудан әкімінің құттықтауымен ашылып, аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің Қ. Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» романынан қойылымы,концерттік бағдарлама көрермендерге ұсынылды. Кеште жазушы өмірі мен шығармашылығы туралы естеліктер тыңдалды.

     


АРМЫСЫҢ- ӘЗ НАУРЫЗ

   Наурыз мерекесіне орай ауданымызда ұйымдастырылған «АРМЫСЫҢ- ӘЗ НАУРЫЗ» атты халықтық серуеніне аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі қазақтың ұлттық ет өнімдерінен, сүт өнімдерінен жасалған тағамдарынан көрме жасап, аудан тұрғындарымен қонақтарына Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті ас Наурыз көже мен бауырсақ таратты.

   Сонымен қатар «Наурыз шуағы» онкүндігіне қатысып, белсенделік танытқаны үшін кітапхана ұжымы аудан әкімі алғыс хатымен марапатталды;

     


Ана деген-теңдесі жоқ ұлылық

   Көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, аудандық орталық кітапхананың Коворкинг орталығында « Ана деген-теңдесі жоқ ұлылық» атты көп балалы алтын құрсақты аналармен кездесу кеші өткізілді. Кеш қонақтары: ардагер ұстаз, көп балалы ана, ақ жаулықты әже «Алтын алқа» иегері Қазина апай,Көп балалы ана, «Алтын алқа» иегерлері Роза Қаниқызымен Айнұр Отарбекова Аталған шараға қатысқан кеш қонақтарымен ат салысқан барша оқырмандарға алғыс білдіреміз!

     


 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі