Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Мәдени шаралар

Темір Төлеуовтің «САМ САПАРЫ» кітабының тұсау кесері

   Туған өлкенің перзенті, өңірдің тарихы мен ерен еңбек үлгісін көрсеткен аға ұрпақтарды өскелең ұрпаққа таныстыру бағытында шығармашылық қуатпен еңбек етіп жүрген, ауыл шыруашылығы мен мәдениет саласының еңбек ардагері Темір Төлеуовтің «САМ САПАРЫ» кітабының тұсау кесері өтті.

     


ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫ МӘҢГІЛІК

   Биылғы жыл – еліміз үшін ерекше жыл. Қас-қағым уақыт тәрізді, тәу еткен Тәуелсіздігімізге – 30жыл, Желтоқсан оқиғасына – 35 жыл. Қазақстанның еркіндігі мен бостандығы жолында бастарын бәйгеге тіккен қанды желтоқсан оқиғасының қатысушыларының ерліктері уақыт өткен сайын жадымызда жаңғыраратын болады. Олардың сол қаһарлы күндердегі қайсар ерліктері бүгінгі жастар үшін үлгі-өнеге. Осы орайда аудандық орталық кітапханада «ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫ МӘҢГІЛІК» атты 1986 жылы алаңға шыққан Байғанин өңіріңің Желтоқсан қаһармадарымен кездесу кеші өтті.

   Тағылымы мол шараға Зәуреш Иванқызы, Бозжігіт Әлібек, Нұрбек Құлмырзаұлы, Нұргүл Нұранқызы, сынды аға- апаларымыз қатысып, көтеріліс туралы әңгімелеп берді.Естеліктерімен бөлісіп, оқырмандар қойған сұрақтарға жауап берді.

   Кеште Бәкір Тәжібаев атындағы балалар музыка мектебінің мұғалімі Ақбота Толикқызы «Атамекен» әнін орындаса, кітапхана қызметкерлері Мәнібаева Раушангул, Нұрғали Аяжан Мұхтар Шаханов тың «Желтоқсан алаңы» мен Шөмішбай Сәриевтің «Тәуелсіз ел қазағым» өлеңін тарту етті.

     


Парасаттың биік қаламгері

   Жерлесіміз, Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағы және Журналистер Одағының мүшесі, Құрмет орденінің иегері, Байғанин ауданының «Құрметті азаматы» Айымбетов Мәди Айтпенбетұлының 75-жасқа толу мерей тойы ата қонысы Байғанин ауданында атап өтілді.

   Мәди Айымбетовтың өмірі мен шығармашылығына арналып «Парасаттың биік қаламгері» атты шығармашылық кеші ұйымдастырылып, жазушының тарихи романы «Бопай ханым» кітабының тұсауы кесілді. Кеш барысында жазушының шығармашылығын насихаттау мақсатында кітапхана қоры негізінде жасақталған «Маржан сөздің зергері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып таныстырылды.

     


Домбыра халық даналығы

   ҚР тұңғыш президенті, елбасы Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы 13 маусымда қазақтың қасиетті аспабын дәріптейтін күнді шілденің бірінші жексенбісі - Ұлттық Домбыра күнін жариялаған болатын. Атаулы мерекеге орай 1 шілде күні коворкинг орталығында “Домбыра халық даналығы” атты әдеби музыкалық кеш өткізілді. Кеш соңында кітапхана директоры Айгүл Жәмиқызы мерекелік шараға белсене қатысқан жас күйшілерге алғыс хаттар тапсырды.

 











Өмір сырының жүйрік майталманы

   18 маусым күні аудандық кітапхана жүйесінің, коворкинг орталығында Жем-Сағыз өңірінің топырағынан шыққан, қазақ әдебиетінің қоржынын өзіндік стилімен молайтып, проза жанрында қалам тербеп жүрген - жазушы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Байғанин ауданының Құрметті азаматы Тынымбай Төлепбайұлының 80 жылдық мерейтойына орай “ Өмір сырының жүйрік майталманы” атты оқырмандармен жүздесу кеші өтті.

   Кеш барысында оқырмандар елге келген жазушыға көкейінде жүрген сауалдарын қойып, ауданымыздың өнерлі жастары Арсен -Елдос Қожабаевтар әннен шашу шашты, жазушының сыныптастары сөз сөйлеп, балалық шақтағы естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ кітапханашы Мәнібаева Раушангүл жерлес ақын Есенбай Дүйсенбаевтың “Тынымбайға” атты өлеңін мәнерлеп оқыса, Жеткірбаев Айнабек жазушыға арнауын оқыды. Кеш соңында жазушы Тынымбай Төлепбайұлы кітапхана оқырмандарына, кеш қонақтарына алғысын білдіріп, оқырмандарына кітабын тарту етті.

     


Жамбыл Жабаев-175 жыл.

   Жүз жасаған жыр алыбы Жамбыл Жабаев шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызын түсіндіру мақсатында «XX ғасырдың Гомері», жыр дүлділі, ғасыр ақыны-Жамбыл Жабаевтың 175 жыл толуына орай Байғанин аудандық орталық кітапханасымен Оймауыт ауылдық мәдениет үйінің қызметкері Әлдешов Шерханмен бірлесіп «Төгейін жырды халқыма» атты поэзия кеші өткізілді. 'https://www.instagram.com/p/CPZ6kq7gXjv/'


Мектеп бітіруші түлектерді құттықтау.

   Сіздер үшін осынау күн айшықты да, айдынды, мерекелі де мерейлі, табысты да толғамды күнге айналып отыр. Өйткені Сіздер дәл осынау күні өздеріңіздің қимас бір мекеніңізге айналған, балдәурен шақтың балауса қызығын өткізген, сөйтіп бойыңызға білікті білім мен тәлімді тәрбие жинаған мектеп аналарыңыздан түлеп ұшқалы тұрсыздар. Осыдан санаулы ғана жылдар бұрын сіздер осы мектептің қастерлі табалдырығын жасқана да жүрексіне аттап, өздеріңізге тәлім берер алғашқы ұстаздарыңызбен жүздесіп, білім нәріне бас қойған едіңіздер. Содан бері ағын судай жылжыған жылдар легі сіздердің өрістеріңізді кеңейтті, бойларыңызды қатайтты, топшыңызды бекітті. Сіздер үшін осынау қимас ұяңызда жүрген сәтте, алдыңыздан күн сайын жаңалықтар легі ашылды, танымыңыз тереңдей түсті.

   Сіздер мектеп партасында отырып, ұстаз аузынан естілген әр бір білім жаңалығының қабылдаушысы болып қана қойғандарыңыз жоқ, сіздер осынау сәттерде өздеріңіз де мектебімізде өткізілген қаншама игілікті шаралардың белортасында жүрдіңіздер, жарқын да мағыналы істердің жанашыр куәгері атандыңыздар. Сіздердің бойларыңызға білікті білім мен тәлімді тәрбие егуді өзімнің жауапкершілік міндетім деп қана ұғатын барлық ұстаздарыңыз енді Сіздердің дәл осындай биіктен көріне білгендеріңізге қуанады. Сіздер алдағы өмірлеріңізде Абай атамыз айтқандай: «бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық» бола білсеңіздер ғана өздеріңіздің ұстаздарыңыз төгілген тер өтелді деп біледі. Сіздер үшін бүгінгі қағылар соңғы қоңырау үні балдәурен балалықтарығыңыздың артта қалып, жауапкершілігі мол азаматтық биікке көтерілгендіктеріңіздің ескертпесі сияқты. Сіздерге ендігі сәтте өз өмір айдыныңызды қалап алуға тура келеді. Осынау кезеңдерде өмір кемелерңіздің желкенін еш уақытта түсірмеу үшін, сіздердің бойларыңыздан білім мен білік, батылдық табылатынына сенгіміз келеді.

21 Мамыр Мәдениет және Өнер қызметкерлері күніне орай.

   Осы орайда Байғанин аудандық орталық кітапхана ұжымы кітапханамыздың тұрақты да белсенді оқырмандары. №2 Қарауылкелді орта мектебінің түлегі «АЛТЫН БЕЛГІ» иегері Жанұзақова Орынай Жеңісқызын, Жарқамыс модельді ауылдық кітапханасының оқырманы, Жарқамыс орта мектебінің түлегі Қалел Ерікті.

   21 Мамыр Мәдениет және Өнер қызметкерлері күніне орай Аудан әкімінен Ильджанова Назира, Маратқызы Перизат, Сокырова Ботакоз, алғыс хатпен марапатталды.

   Сонымен қатар Мәдениет және тілдерді дамыту бөлім басшысы Нұрәділ Алтынбайұлынан Байзенова Гулмира, Әпшекенова Қарашаш, Мыңжасарова Динара, алғыс хатпен марапатталды.

   Байғанин аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі кәсіподақ ұйымының төрайымы Роза Айтжанованың, Қойлыбай Жанаргүл алғыс хатымен марапатталды.

 


Мәдениет және Өнер қызметкерлер күніне орай.


   21 маусым Мәдениет және Өнер қызметкерлер күніне орай Ебейті модельді ауылдық кітапханасының ардагері Айтмурзаева Клара «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісімен марапатталды.










«ӘН МЕН ЖЫРДЫҢ АҚБҰЛАҒЫ» атты zoom платформасы.

   Қазақтың ақыны, ән мен жырдын ақбұлағы атанған сазгер - драматург Бәкір Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығына орай «ӘН МЕН ЖЫРДЫҢ АҚБҰЛАҒЫ» атты zoom платформасы арқылы әдеби сазды онлайн кеш өтті. Кешке Алматы қаласынан ақынның жары Сапаргүл анамыз және ұлы Тәжібаев Жасұлан байланысқа шықты. Ақынның өзі туып өскен жерінен қарындасы Төлеуов Қибат және інісінің қызы Төлеуова Ләззат қатысып ақын туралы естеліктерімен бөлісті. Аудан орталығынан есімі барілген Бәкір Тәжібаев атындағы балалар саз мектібің ұстазы «Алматының алмасы» әнін орындап, Аудандық музей қызметкерлері Бәкір Тәжібаевтың өзі пайдаланған құнды жәдігерлерін көрсетті.

   Кітапхана оқырманы Әділет Серік ақынның «Жауынгер» өлеңін оқып , кеш соңында елін сүйген ердің туған елген арнаған «Ақбұлақ» әнін облыстық әндер байқауының бас жүлдегері Қожабаев Елдос шырқады. Онлайн сазды кешке аудандағы мектеп кітапханашылары оқырмандар Байғанин техникалық колледжінің кітапханашысы қатысты. Әдеби кешке қатысып жүрекжарды ақ лебіздеріңіз үшін кітапхана ұжымы атынан ризашылығымызды білдереміз.

 


НАУРЫЗ мерекесіне орай.

   «Кітапхана түні-2021» жобасында, ауданымыздың белсенді жастары қонақ болды. Кеш барысында НАУРЫЗ мерекесіне орай, IV бөлімнен тұратын қызықты ойындар ойнатылды. 'https://www.instagram.com/p/CMkic2_g_ts/'


«Ұлттық дәстүрден ұлағат»

   Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз мерекесіне орай «Ұлттық дәстүрден ұлағат» қызығушылық клубының мүшелерімен «Наурыз көженің» шығу тарихын өскелең ұрпаққа насихаттау, ұрпақтан ұрпаққа жалғасуына үлес қосу мақсатында «ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН! АҚ МОЛ БОЛСЫН!» атты ақпараттық-танымдық сағат өткізді.'https://www.instagram.com/p/CMkC80Dg0tU/'


«Салт- дәстүр мәдениеттің байлығы» тақырыбында.

   Ебейті модельді ауыл кітапханасында Наурыз айының 16 шы жұлдызында Алас күніне орай «Салт- дәстүр мәдениеттің байлығы» тақырыбында салт - дәстүрімізді дәріптеу сағаты өтті. Аналар ұрпақты татулыққа- - тамыр, тазалыққа- нәр, пәктікке - пәрмен, дәстүрге - дәрмен, өнерге - тұлпар етіп тәрбиелеген. Халқымыздың ғасырдан - ғасырға қастерлеп келген құнды дәстүрлерінің бірі, жаңа туған нәрестені бесікке салу рәсімі көрсетілді.

   Мақсатымыз Заман өзгерсе де салт - дәстүріміз көнермейтіндігін еске салып,ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Ұрпаққа ұлттық рух беріп, әдеп - ғұрыптарымыздың, салт - санамыздың, дәстүріміздің қадір - қасиетін, ерекшелігін айту. Өскелең ұрпаққа тәлім - тәрбие беріп, олардың жан дүниесін дамыту.Салт - дәстүріміздің тәрбиелік мәнін ашу. Халық өнегесін үйрету.


«Шежіре күні»

   «Құрақ құрау өзіндік сыры бар - үлкен өнер» атты шебірлік сағат.

                       


«Кітапхана түні 2021» жобасы аясында

   4 Наурыз күні коворкинг орталығында өткізілген «Кітапхана түні 2021» жобасы аясында 4 Қарауылкелді орта мектеп гимназиясының жастарымен бірге «Байғанин Live» белсенділер тобының мүшелері Шаңдыбай Мейірболат пен Шекарнаев Мейрамбек еркін тақырыпта дебат ұйымдастырды. Сонымен қатар ауданымыздың белсенді жастары Мәтжан Ернұр, Жәлиева Бақыттың қатысуымен Әжіғали Айдана келіп жастармен «Көңілді Старт» ойынымен пікірталас ұйымдастырды.

 


Кітапхана түні

   Аудандық орталық кітапханада аптаның әр бейсенбі күні «Кітапхана түні» белгіленгенін атап өткен болатынбыз! Осы орайда 18 ақпан күні ауданымыздың белсенді жастары Мейірболат Шаңдыбаев пен Мейрамбек Шекарнаев қонағымыз болып аудан жастарымен пікірлесіп, өз ойларын бөлісіп, алдағы жоспарларын ортаға салды. Сонымен қатар «Шуақ» қызығушылық клубының мүшелері аудан ақындары Айнабек Жеткірбаев, Дулат Төреәлі, Ерболат Шаңдин, Ақторғын Алдабергенова бас қосып, жырларын оқыды.

 











«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында

   Биылғы жылы «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 кітап» ұсынылған болатын.Осы орайда аудандық кітапханада «ПОЭЗИЯ-СӨЗ ӨНЕРІНІҢ АЛТЫН ТӘЖІ» атты ұсынылған 30 кітаптың ішіндегі поэзия жанры бойынша әдеби променады өтті. Мұқағали Мақатаевтың «Өмір дастан», Жұмекен Нәжімеденовтің «Менің қазақстаным», Ұлықбек Есдаулеттің «Киіз кітап», Серік Ақсұңқарұлының «Көкейімде күлтегіннің жазуы», Тоқтарәлі Таңжарықтың «Түн парақтары», Бақытжан Қанапияновтың «Достояние души» атты кітаптары ұсынылды. Променад барысында осы ұсынылған ақындардың кітаптарынан өлеңдері оқылды.

 


«Тәуелсіз елім- тұғырың сенің биік» атты әдеби поэзиялық микрафон

   Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі, «Коворкинг» орталығында кітапхана жанынан құрылған «Шуақ» қызығушылық клубының мүшелері, ауданымыздың жас ақындарымен «Тәуелсіз елім- тұғырың сенің биік» атты әдеби поэзиялық микрафоны өткізілді. Кеш барасында ақындар өздерінің жүрек жарды туындыларын оқырман қауымға тарту етті.

 


«Рухани жаңғыру:Заманауи кітапхана үрдістері»

Кітапханашылармен семинар

   Ағымдағы есепті кезеңде ауыл кітапханашыларымен «Рухани жаңғыру: Заманауи кітапхана үрдістері» семинар өткізілді. Семинар барысында аудандық ОКЖ әдіскері Хусайнова С.Ж. «Рухани жаңғыру: Заманауи кітапхана үрдісі», автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі Мұхамбетияр Г.Қ. « Цифрлық дәуір талабы- заманауи кітапханалық қызмет», ОКЖ библиографы Алпысбаева Т.Қ. «Библиография және ақпараттық қызмет көрсетудің жаңа әдістері» , ОКЖ балалар және жасөспірімдермен жұмыс әдіскері Қаленова Р.А«Кітапхана – жастардың рухани қалыптасу орталығы» тақырыптарында баяндама жасады ОКЖ директоры А.Т укенова «2020 жыл қорытындыларына сараптама, 2021 жылға алға қойылған міндеттер» туралы баяндады. Ашық ой алаңында кітапханашылар өз ойларын білдірді. Кітапхана ісінде облыстық, республикалық деңгейдегі кәсіби сайыстарда белсенділік танытып келген кітапхана мамандарына алғыс хаттар тапсырылды.

   С.Бәйішев атындағы Облыстық әмбебап ғылыми кітапхансының ұйымдастыруымен «WEB-RABIS» бағдарламасының «кітап қорын толықтыру» модуліне жаңа құжаттар енгізу» онлайн семинар практикумына, «WEB-RABIS» бағдарламасының «Каталогизатор» модулі бойынша «мақалалар» (статьи) электронды каталогын толықтыру жолдары» тақырыптарына бейне шеберлік сағаты , ҚР Ұлттық Кітапханасымен бірлескен «WEB-RABIS» Жаңа форматтағы ақпараттандыру» онлайн семинарларына JITSI MEET, ZOOM палтоформалары арқылы библиогаф Т.Алпысбаева. Г.Исаева, т.б. кітапхана мамандары қатысты. С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының «Жастар кітапханасы –жаңашылдық аймағы» аймақтық конференциясына аудандық ОКЖ әдіскері Р.Қаленова қатысты.

Жыл жетістіктері

   С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен өткізілген «БИБЛИО STAR» атты кітапханашы мамандар арасындағы облыстық кәсіби шығармашылық байқауына кітапханашы С.Ж.Хусайнова қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді.

   Кітапхана мамандары оқырмандардың облыстық, аудандық деңгейдегі ұйымддастырылған шаралар мен байқауларға қатысып, белсенділік атсалысуда. С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының «Менің жүрегімдегі кітап» атты республикалық оқырмандар сайысында аудандық орталық кітапханасының оқырманы Мейрамбек Шекернаев бас жүлдеге және Сағыз моделді ауыл кітапханасының оқырманы Жарылғас Гауһар және ынталандыру сыйлығына ие болды.

   Сонымен бір жыл ішінде әлемде COVID-19 пандемиясының жариялауына карантин кезінде онлайн режимінде іс шараларды өткізуде белсенділік танытқан кітапхана мамандары бөлім меңгерушісі Г.Мұхамбетияр Қазақстан Ұлттық Академиялық Кітапханасының директоры Ү.Мұңалбаеваның «Алғыс хатымен», Қазақстан Ұлттық Кітапханасының директоры Б.Оспанованың атынан библиограф Т.Алпысбаева, әдіскер С.Хусайнова, Қораши ауылдық кітапханасының кітапханашысы Н.Татабаева, ҚР Мәдениет және ақпарат,спорт министрі А.Райымқұлованынң атынан Жарқамыс моделді ауыл кітапханасының меңгерушісі А.Нуркасымова Алғыс хаттарымен марапатталды.

 


«Бір ел-бір кітап» Республикалық акциясы

   Аудандық орталық кітапхана акциясы аясында Қазақ халқының ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясын және Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романын оқырманға кеңінен насихаттау мақсатында «Абай жолы - қазақтың тұңғыш эпопеясы» атты оқырмандар конференциясын өткізді. Конференция барысында мектеп оқушылары мен ұстаздар романды талқылап, роман кейіпкерлерінің бейнесі жәйінда өздерінің пікірлерін талдауға салды. Сонымен қатар әлеуметтік желіде Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романына, Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» кітабы бойынша буктрейлер ұйымдастырылды және әлеуметтік желіде оқырмандармен сұрақ-жауап айдары өткізіліп тұрды.

   М.Әуезовтың «Абай жолы» романы бойынша оқырмандар конференциясы өткізіліп, конференция аясында «Болашаққа ұмтылған роман», “ «Абай жолы» романындағы Құнанбай образы: замана тынысы және тарихи құндылықтар ”, “ «Абай жолы» романы – тәрбие көзі” (романдағы салт-дәстүрлер көрінісі), “ «Абай жолы» романындағы әйелдер бейнесі”, «Бала Абайдан, дана Абайға дейін...» (Абайдың тұлға болып қалыптасу жолы) тақырыптарында баяндамалар оқылды. Конференция қатысушыларына сертификат табысталды. Сондай-ақ шара барысында кітапхана директоры қорытынды жасап, жыл бойынша белсенді оқырмандарға алғыс хаттар мен естелік сыйлық табысталды.

 


Қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл

Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл

   ҚР Президентінің Жарлығымен 10 тамыз – Абай күні деп аталауына орай аудандық орталық кітапхана «Абай жыры – даналықтың, махаббат пен адалдық поэзиясы» атты жастар арасында әдеби кеш онлайн режимінде өтті. Кеште ақын жырлары тыңдалды, ақын әндері шырқалды, ақын шығармашылығына арналған кітап көрмесі таныстырылды. Кеш барысында ақынның өлеңдері, қара сөздері, әндері мен күйлері (Мәтжан Е.-«Торы жорға», «Май түні», Орысбай Д. – «Желсіз түнде жарық ай») өнер сүйер қауымға ұсынылды. Сонымен қатар «Асыл сөзді іздесең Абайды оқы ерінбе»» атты кітапхана қоры негізінде жасақталған ақынның кітаптары қойылған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

   Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық орталық кітапхана, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Байғанин аудандық ұйымының бірлесе ұйымдастырумен ақын Абайдың 175 жылдығына орай «Дарабоз» жобасы аясында жас ақындар арасында «Әсемпаз болма әр неге» атты ақындар мүшәйрасы өткізілді. Мүшәйраға жырларын ұсынған ақындар Әділет Базарбаев –І орын, Ақтоты Теңел - ІІ орын, Ардақ Қалиева -ІІІ орын Дипломдармен, арнайы сыйлықтармен, Жақсылықов Нұрәли, Жеткербай Ақниет, Әуелбай Ақниет алғыс хаттармен марапатталды.

 


Әбу Насыр Әл- Фарабидің туғанына 1150 жыл

   Аудан кітапханаларында дүние жүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған данышпан, адамзаттың ұлы ойшылы, Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай, балаларға ұстаз өмірі мен шығармашылығын, тарихы мен тағылымын, маңызын өскелең ұрпаққа ашып көрсете отырып, Әл-Фараби мұраларының бүгінгі ұрпақ үшін өнеге екенін насихаттау мақсатында, «Шығыстың ғұлама ғалымы» тақырыбында онлайн танымдық сағаты өткізілді. Шара барысында ұстаз өмір жолымен, және шығармалары таныстырылып, шара соңында балаларға Әл-Фараби мультфильм көрсетілді.Жарқамыс модельді ауыл кітапханасында «Әл Фараби мұрасы-Түрік халықтарын біріктеретін рухани негіз» атты кітап көрмесі, Миялы модельді ауыл кітапханасында «Шығыстың ғұлама ғалымы» тақырыбында кітап көрмесі жасалып «Әл Фараби біздің бәйтерегіміз» атты ақпараттық сағат өткізілді.

КСРО Батыры Қожабай Жазықовтың туғанына 100 жыл

   Аталмыш мерейтой аясында КСРО Батыры Қожабай Жазықовтың өнегелі өмірі мен батырлығы, еңбегі туралы «Ерліктің мәңгі алауы» атты батыр туралы кітапхана қоры негізінде виртуалды көрме әлеуметтік желіде ұсыныл Сонымен бірге батыр туралы естеліктерден құрастырылған «Біз білетін бір батыр» , ««Жұддызды ғұмыр белестері» және жазушы Мұхтар Құрманалиннің «Жұлдызды жорық» кітабы әлеуметтік желіде таныстырылды. Байғанин ауданы әкімдігі , аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен КСРО Батыры Қожабай Жазықовтың туғанына 100 жыл толуына орай « ӨНЕГЕЛІ ӨМІР,ӨШПЕС ДАҢҚ» тақырыбында онлайн- конференция өткізілді. Конференция барысында аудан әкімінің орынбасары Ә.Т.Жеткізгенов ашты, аудандық мәдениет үйі жанындағы драма үйірмесі батыр өмірінен сахналық қойылым ұсынды. Онлайн-конференцияда аудандық ардагерлер кенесінің төрағасы,жазушы өлкетанушы И.Ермекбаев - «Өнегелі өмір, өшпес даңқ», Ұстаз , Ғалым, КСРО және ҚР Халық ағарту ісінің үздігі, Ақтөбе облысының, Байғанин ауданының құрметті азаматы Ниетжан Берікұлы - «Cовет Одағының Батыры Қожабай Жазықов – қазақтың қадырлысы», ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Байғанин ауданының құрметті азаматы Е.Ж.Құрманбеков - «Өнегелі еңбектің иесі», ауданның мәдениеті мен рухани саласын дамыту ісінің еңбек ардагері ,зейнеткер Ж.Сұлтанов - «Есімі ел есіндегі тұлға», Қарауылкелді орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі А.Нұрлан - «Батырдың торқалы тойы», Байғанин аудандық музейінің директоры Л.Жаулина - Батырдан қалған мұралар» тақырыптарында баяндамалары,естеліктер тыңдалып, батыр ұрпақтары батыр әке туралы толғаныстарын жеткізді.

   Батырдың туған жері Қызылбұлақ ауылдық округіндегі Жем модельді ауыл кітапханасы батырдың інісі Жұмағалиев Тұрғали атамен «Халқымыздың мақтанышы» атты онлайын сұхбат өткізді. Сонымен қатар Қожабай Жазықов атындағы степендия иегерлері Нәбиева Көркем, Ерғалиева Динара, Мұратов Нүрбек онлайын сұхбат өткізіліп, әлеуметтік желіде «Қ.Жазықов атындағы степендия иегерлері» бейнебаян жарияланып, «Елімнен шыққан асыл ер» атты онлайн кеш өткізілді.

 


«Жарқамысым-жүрегімде»

Ақын Жақсылық Айжанов 70 жаста

   Қазақстан Жазушылар Одағы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі», Қазақстан Тележурналистер арасындағы конкурсының ГранПри иегері, Қазақстан журналистикасының қайраткері, Қазақстанның «Құрметті журналисі», Қазақстан кәсіподақтарының құрметті мүшесі, ақын Жақсылық Айжанұлының 70 жас мерейтойына орай аудандық орталық кітапхана «Жарқамысым-жүрегімде» әдеби –сазды кешті сценариін дайындап, ақын - жазушылар кіндігін кескен Жарқамыс ауылында тұрғындармен кездесуі өтті. Кеште ақын шығармашылығы туралы баяндалып, жырлары тыңдалды, «Ақтөбе» газеті күндері аясында ұйымдастырылған шараға жас ақындар Ақілгек Мырзабай, Есенбек Жұмағалиев, Жұбаналин Нұрталап т.б. өңірдің танымал тұлғалары қатысты. «Ақынның жыр әлемі» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен «Аймақтың әдеби әлемі» атты жерлс ақын-жазушылар шығармашылығынан кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып таныстырылды.

 


Ж.Асылханов «Доңызтау өңірінің дәстүрлі музыкалық мұрасы»

кітабының тұсау кесері

   «ҚР еңбек сіңірген қайраткері», ҚР Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің, «Алтын қобыз» сыйлығының иегері, Танымал күйші Жайлау Асылхановтың «Доңызтау өңірінің дәстүрлі музыкалық мұрасы» кітабының тұсау кесері Zoom платформасы арқылы өтті. Тұсаукесер рәсімін жазушы –өлкентанушы И.Ермекбаев, аға оқытушы, зейнеткер ұстаз, Іскер әйелдер ассоциациясының мүшесі, спорт ардагері Аманғалиева Мира жасап, авторға шығармашылық ізденісі мен дәстүрлі өнерді насихаттауда ғы еңбегіне ризашылық білдірді.

   Күйші Ж.Асылханов Доңызтау өңіріндегі күйшілер, әнші-ақындар деректері, күй жинақтары мен аңыздар туралы, кітап жазудағы мақсаты туралы баяндап, сол Доңызтау өңірінің күйшісі Құлжанов Әбдірашиттің «Туған жері Доңызтауға шығарған толғауы», және Ақбілек Айтжанованың «Доңызтау» әнін Дәулетбаев Нұрғазының орындауындағы аудиожазбасы тыңдалды, Доңызтау өңіріндегі күйші Мәңкенің «Қоңыр» күйін Ж.Асылханов төгілте орындады.

   Шараға қатысушы А.Жұбанов атындағы музыкалық колледж директоры Исмагулов Аманжол Дүйсенұлы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.Қолдасбаев, аудандық ішкі саясат бөлімінңің басшысы Қ.Жақасов, аудандық музей директоры Л.Жаулина лебіздерін білдірді.

 











«Оқитын өлке» акциясы

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, ақын жырау Н.Байғанин,

мадениеттанушы, көсемсөзші, ақын М.Ақдәулетұлы шығармалары.

   Аудан кітапханаларында аталмыш акция аясында оқуға ұсынылған ақын, жырау, Қазақстаннның еңбек сіңірген қайраткері Н.Байғаниннің туғанына 160 жылдығына орай маңызды іс шаралар өтті. «Жыраулық өнер дүлділі», «Нүрпейістің нұрлы жырлары» «Нүрпейіс Байғанин жырлары», «Нұрлы жүзді Нұрпейіс» тақырыптарында кітап көрмелері ұйымдастырылды, Алтай, Сағыз модельді және Баршақұм ауыл кітапханасында танымдық әдеби жыр кештері өтті. Мақсаты: Ақтөбе өңірінен шыққан жерлесіміз Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Н.Байғанин атамыздың өмірі мен шығармаларын жас ұрпаққа таныстырып, келешек ұрпаққа әдеби мол мұрасын насихаттау.

   С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен ақын шығармашылығына арналған «Мен өлмеймін, өрлеймін» онлайн кездесу, «Арқалы ақын жырласын» ZOOM платформасы бойынша тікелей эфирде жыр кеші өткізілді. Кеш барысында ақынның шығармашылығына қысқаша шолу жасалды. Шараларға аудандық орталық кітапхана оқырмандары қатысып Нұрпейіс ақынның «Қобыланды» батыр жыры, «Жиырма бес» дастандарынан үзінділер, «Абай», «Гүлденген дала» сынды өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Барлық шаралаға қатысқан адам саны : 36

   Әлеуметтік желіде «Жырдың нұры-Нұрпейіс» атты виртуалы көрме ұсынылып, «Нұрлы жүзді –Нұпейіс» әдеби лото танымдық ойыны ұйымдастырылды. Ғалым, тарих ғыллымдарынң кандидаты Б.Құрманбековтің «Нұрлы жүзді –Нұрпейіс» кітабы бойынша онлайн ой-талқы сағаты өткізілді.

   Аудан кітапханалары мәдениеттанушы, көсемсөз шебері, ақын Журналистер Одағының мүшесі Мейірхан Ақдәуелтұлының шығармашылығына хабардар ететін кітап көрмелері ұйымдастырылып, жыр кештері өткізілді. Жарқамыс моделді ауыл кітапханасы «Ақ жүректен арналған жалын әнім» жыр сағаты, аудандық орталық кітапхана Ырғыз аудандық кітапханасымен бірлесе «Мұхиттай шалқыған жырлары» әдеби кешін, аудандық орталық кітапхана «Аспанымнан ақ нөсер жыр құлаған» онлайн кеші

 











«Рухани жаңғыру» бағдараламасының «Дәстүр мен ғұрып» жобасы

«Салт дәстүрім – таусылмайтын байлығым»

   «Рухани жаңғыру» бағдараламысының «Дәстүр мен ғұрып» жобасын іске асыру мақсатында 29 қазанда @baiganinkitapkhana парақшасында тікелей эфирде кітапхана қызметкерлері арасында «Салт дәстүрім – таусылмайтын байлығым» атты сайыс өткізілді. Сайысқа қатысушылар:кітапхана қызметкерлері Адилхан Ажар, Райысқызы Гүлназ, және «Жастар» бағдарламасымен жұмыс жасаушы Саматова Аяжан қатысты.

   Сайыстың мақсаты: Ұмыт болып бара жатқан салт – дәстүрімізді жаңғыртып тәрбиелік және адамгершілік құндылығы жоғары әдет – ғұрыптарды жастардың бойына сіңіру. Ұлттық құндылықтарымыздың ерекшелігі мен құндылықтарын кеңінен дәріптеу.

   Сайысқа қатысушылар «Шебер қолдар» «Білім мен дәстүр», Үй тапсырмасы: ұмытылып бара жатқан қазақтың ұлттық және көне тағамдарын дайындау, «Ұлттық киім – жақұтымыз» шарттары бойынша өтті. Байқау қорытындысы бойынша қатысушыларымыз Адилхан Ажар - «Ұлттық дәстүрді сақтағаны үшін» , Саматова Аяжан - «Тамақ әзірлеу ерекшелігі үшін», Райысқызы Гүлназ - «Стиль мен дәстүр үйлесімі үшін» номинациялары бойынша марапатталды.

   Байғанин аудандық ОҚЖ парақшасында @daiganinkitapkhana аталмыш жоба аясында «Қазақтың асханасы – ұлттық мәдениеттің негізі» тақырыбында ұмытылған ұлттық тағамдар туралы постерлер жариялау мақсатында, Ұлтымыздың ғасырлар бойы қастерлеп келген «Әсіптің», «Жау жүрек», «Қарын бүрме», «Үлпершек» тағамдарының жасалу жолы ұсынылды.

 


 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі