Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі

«Әдебиет әлеміне сапар»

«ДАРАБОЗ»

Аудандық әдеби шығармалар байқауы 2018 жыл.

Байғанин аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі

«ДАРАБОЗ» шығармашылық байқауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында баяндалған «Туған жер» жобасы аясында, Байғанин ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай ақындар мен жазушылардың, көсемсөз шеберлерінің аудандық «ДАРАБОЗ» әдеби-шығармашылық байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көтерілген мәселелерді жүзеге асыруға атсалысу
  • Ұлттық сананы жаңғыртудағы әдебиеттің рөлін нығайту; жас ұрпақтың бойында төл әдебиетімізге деген қызығушылықты күшейту; ақын-жазушылардың қоғамдағы беделін арттырып, ұлттық сананы жаңғыртудағы қаламгерлердің рөлін нығайту
  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында киелі Жем –Сағыз өңіріндегі талантты ақын жазушылардың ізгі дәстүрін , көркем әдебиет пен көсемсөз жанрын жандандыру;
  • Өзіндік жазу өрнегі бар жас ақындар мен жазушыларды, көркем сөз сөз шеберлерін анықтау; шығармашылығымен танылып жүрген жастарға қолдау көрсету;

Байқау шарттары:

      Байқауға шығармаларды қабылдау 2018 жылдың
      15 тамызына дейін қабылданады.
       Байқауға қатысушылар 15 жастан жоғары үміткерлер қатыса алады
       Байқауға қабылданатын шығармалар жанры:
       Проза - роман, повесть -25-35 бет
       Проза - әңгіме, эссе -15 бет көлемінде
       Поэзия - поэма - 5 бет көлемінде
       Поэзия - топтама өлеңдер- 5 бет
       Поэзия - балаларға арналған
       Өлеңдер мен тақпақтар - 5 көлемінде
       Проза - балаларға арналған
       Прозалық шығармалар -10 көлемінде

       аты, тегі, әкесінің аты,
       туған жылы,
       тұрғылықты мекенжайы,
       қызметі
       байланыс телефондары, e-mail.

Үміткерлердің шығармаларын бағалау:

  • ұсынылған шығармалар тақырыбының байқау мақсатына сәйкестігіне;
  • шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына;
  • туындының көркемдік сапасына;
  • автордың сөз саптау мәнері, стильдік ерекшелігіне назар аударылады.
  • «Жылдың үздік прозасы»
  • «Жылдың үздік поэзиясы»
  • «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы»
  • «Туған ел» тақырыбындағы арналған үздік әдеби туынды
  • Барлық тіркелген шығармаларды байқаудың қазылар алқасы алдын ала қарап, талдау жасайды және бағалайды.
  • Байқауға ұсынылған шығармалар Байғанин аудандық орталық кітапханада ақпараттық – библиографиялық бөлімде қабылданады.
  • Байқау қорытындысы 2018 жылдың 22 қыркүйегінде жарияланады
  • Мекен жайы: Қарауылкелді ауылы, Барақ батыр, 29 үй, ақпараттық библиографиялық бөлім Хабарласу телефоны 8713-45 -22-2-03, 23-1-35 Электронды пошта baiganinkitap.@mail.ru
  • Байқаудың қорытындысын саралаған әділқазылар алқасы мүшелері:
  • О.Бердешова – аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы
  • А.Ақдәулетова - №1 Қарауылкелді орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
  • Г.Боранбаева – аудандық ОКЖ деректер базасының бас әкімшісі
  • Н.Мәтбаева – аудандық ОКЖ бөлім меңгерушісі

ӨҢІРДІҢ РУХАНИ ӘДЕБИ ӘЛЕМІ ЖАҢҒЫРАДЫ

      Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және кітапхана Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көтерілген мәселелерді жүзеге асыруға атсалысу,ұлттық сананы жаңғыртудағы әдебиеттің рөлін нығайту, жас ұрпақтың бойында төл әдебиетімізге деген қызығушылықты күшейту, ақын-жазушылардың қоғамдағы беделін арттырып, ұлттық сананы жаңғыртудағы қаламгерлердің рөлін нығайту мақсатында ұйымдастырылып отыр.
      Байқау 29 наурызда аудандық «Жем-Сағыз» газетіне жарияланды. Осы кезеңге дейін байқауға 12 үміткер шығармаларын ұсынды. Оның ішінде 2 проза жанры, 1 эссе (ой/жинақ), 9 поэзия жанры
      Бүгінгі байқауда өзіндік стилімен, белгілі бір тақырыптар төңірегінде немесе арнау ретінде жазылған өлеңдер келді. Ең алғаш өлеңін үсынған Данияр Дәулеткерейдің, Қуатов Ізгіліктің, Елеуова Нұршат, Ермекбаева Балнұр, Тағыбергенова Ақжүністің өлең-жырлары өмір, достық,махаббат, адамгершілік тақырыбында болса, Теңел Ақтотының өлеңдерінен арнаулар Зарина Сейілханованың жыры аудан, ауылының тарихына арналған.
      Поэзиядағы Ақторғынның өлеңдері бала кезден таныс, үлкен жетістіктерге жетті. Баспасөзде жарияланды. Өмірдің кейбір сәттерін жырына қосады, өзі өлеңмен емделетінін аңғаруға болады.
      Айнабектің жырлары туған жер тақырыбында, өлең сөздің ұйқасы,сөз саптауы өзіндік өрнегімен суреттеледі. Әр кезде қазақтың қай даласы болса да ақындық көзбен көргендігін тиек етеді, жырларында.
      Ал проза жанрына келсек, Абдуллин Тайбектің «Аманат» әңгімесінде ана тілімізде ұмтылып бара жатқан халқымыздың айтып жүрген сөздерін кездестіруге болады. мысалы «Әбжіл» деген сөз . Атасымен, ағасымен шөп шабуға бара жатқан бала Ертайдың құлағында қалған әңгіме ғой.
      Ағасының:
      «... -Жалғыз Үкілі емес,Құсмұрынның қыраты мен баурайы да осылай қалың өскен депжатыр, кешегі де Сәкен шалды көргем. Сол кісі де айтып отыр.-деп астындағы қасқаның сауырын тобылғы қамшымен сыпай түсіп- Шамасы шөп шабуды бастамақ секілді.
      - Сәкен жылда ерте бастайды шөп шабуды. Жердің шұрайлы жерін білсе Сәкен біледі. Ее, жастайынан шаруаға епті, әбжіл боп өсті.-деп көк жорғасын керзі етігінің тақасымен тепкілеп қояды.»
      «Әбжіл» деген сөзді «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігінің 1 томынан қарағанда Қазақстанның оңтүстігінде айтылатын сөз екен, яғни «ыңғайлы,епті» деген мағынаны білдіреді. Бұл енді Тайбектің тілдік қорының жан –жақты екендігін аңғаруға болады. Сонымен қатар шығарманың «Аманат» аталуының өзі баланы еңбекқорлыққа, мейірімділікке , адамгершілікке тәрбиелеген атаның бейнесінен көп нәрсені аңғаруға болады.
      Алуадинова Нұрбақыттың «Қандай көркем туған өлкем» дайындаған ой жинағын туған жерге деген сүйіспеншілігін, мақтанышын баяндай отырып, ауыл тірлігіндегі қазақы болмыс, мінезді көрсеткен. Өзінің ізденісімен туған жері Қаражар, Жарқамыстың тыныс тіршілігі, адамдарының бірлігін, сол өңірде туып өскен талантты жандарды, олардың шығармаларынан үзінді келтірген. Ой –жинақ әр адамның өзінің оқығанын конспектілеп, танымын кеңейтуіне таптырмас дүние, бұл әдеби шығармаға жатпайды.
      Өңіріміз ақын жазушы, мәдениет пен өнер саласының таланттарының кіндік қаны тамған жер, «Дарабоз» байқауын балалар емес, 15 жастан жоғары адамдардың арасында ұйымдастырудағы мақсат - поэзия, проза, эссе, әңгіме жазуға ынтасы зор жастарды қолдау арқылы ізгі дәстүрдің жалғасуына ықпал ету. Ол үшін әдеби рухани орта қалыптастырылу қажет, алғы шарттары деп есептейміз.
      Бүгін өлең, проза, әңгіме жазып, аудандағы алғаш ұйымдастырылып отырған «Дарабоз» әдеби шығармалар байқауына өз шығармаларын ұсынған үміткерлерге ризашылығымыз шексіз. Әдебиет әлеміне сапар шегіп, қанаттанған талапкерлерге қаламдарыңыз қарымды, асуларыңыз алымды болсын, Жем-Сағыз өңірінің әдеби әлемінің рухани жаңғыруына әлі де үлкен үлес қосады деген үміттеміз.

       Г.Мұхамбетияр-Аудандық ОКЖ бөлім меңгерушісі.

«ДАРАБОЗ»

Аудандық әдеби шығармалар байқауы

үздік деп танылған шығармалар

  • «Жылдың үздік прозасы»- Азова Рита Халыққызы - «Ізгі ниетті Ана» әңгімесі
  • «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы» -Абдуллин Тайбек Кадиралиевич «Аманат» повесі
  • «Жылдың үздік поэзиясы» -Жеткирбаев Айнабектің өлеңдері
  •  

    Азова Рита Халыққызы 1988 жылы Қарауылкелді ауылында дүниеге келген. 2006 жылы Т.Жармағамбетов атындағы орта мектепті үздік аяқтады . 2010 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын аудандық «Жем-Сағыз» гаезтінде тілші, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. Қазіргі таңда аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы. Шығармашылыққа бейім , әдебиетке жақын Р.Халыққызы бала күнінен жыр байқаулары мен сайыстарға қатысып, бірнеше өлеңдері баспасөзде жарияланды. Ақтөбе облысы тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен шыққан «Жастық шақ жырлары», «Аңсау» атты облыс ақындары мен жазушылар жинақтарына өлеңдері енгізілді.

    ІЗГІ НИЕТТІ АНА

          Не деген ана махаббаты десеңізші!? Бала үшін өмірдің ыстығына күйіп, суығына төзіп, жүрегіңді ауыртқан өмірдің әр өткелі жылы жүзіндегі тарамдалған әжім іздерінен сайрай айтады-ау...
          Жаз мезгілі болатын. 5-шіні бітіріп, жазғы демалыста анам қайда барса, сонда барып, мен де соңынан қалмай балалықтың ерке күндерін басымнан өткеріп жүрген кезім. Былайғы уақытта емен-жарқын жайдары жүзінен жылу есетін апамның қабағы сол күні солыңқы тартып жүрді. Мен ұйқыдан тұрғанда танауыңды қытықтайтын тары мен ыстың иісі бүгін сезілген жоқ. Қазан қора жақ тыныш. Таңғы шәйдан соң апам жолға жинала бастады. Қасында мен, екеуміз 3 км қашықтықтағы темір жол вокзалына жаяу тарттық.толығырақ...


    Абдуллин Тайбек Кадиралиевич 1984 жылы 28 мамырда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылылында дүниеге келген. 1990-1997 жылдар аралығында Жарқамыс орта мектебінде білім алып, 1997-2001 жылдар аралығында Ақтөбе облыстық дарынды балалар мектеп – интернатында білімін жалғастырады. 2001 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің кең көлемді қазақ тілі және әдебиет мамандығына оқуға түсіп, 2006 жылы бітіріп шығады. Оқуды ойдағыдай аяқтап Байғанин ауданы,Қызылбұлақ ауылдық округіне қарасты Жаңатаң елді – мекеніндегі тоғыз жылдық мектебінде мамандығы бойынша қызмет жасайды. Жас кезінен әдебиет пен өнерге жақын Т.Абдуллин бірнеше рет аудандық көркемсөз оқу шеберелерінің байқауында, облыстық деңгейдегі тіл фестивалінде жүлдегер атанды. Шығармашылығыққа бейімділігімен, орның ішінде проза саласына орай өткен Ұлы Жеңістің 60 жылдығына орай С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының шығармалар байқауында «Атамның әңгімесі» атты әңгімесімен жүлделі орынды иеленді.2012 жылдан бастап Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінде қазақ тілі және әдебиет мамандығы бойынша оқытушылық қызметін жалғастыруда. Шәкірттерге білім берумен қатар, проза жанры бойынша қалам тартып жүрген жас буын. «Қоянның ерлігі», «Аманат», «Атамның әңгімесі», «Мерген Әлия» драмалық шығарма, «Құстар қайтып оралғанда» драмалық қойылым, (жастар театры сахналады) «Орындалған арман», «Замана дерті» атты қысқа қойылымдардың авторы.

    АМАНАТ.

          Бүгін ұйқыдан ерте оянып, жылы төсектің астынан шыққым келмей ары-бері жаттым. Атам мен әжем жоқ, ертемен тұрып кеткен секілді. Жайлап тұрып киімдерімді іздей бастадым. Төсектің айналасында жоқ. Кеше ұйқылы-ояу қайда тастағанымды білмеймін. Жамылғы көрпенің астын төңкере бастап едім, шешем бөлмеге кіріп келді:
          - Ертайжан нағып жүрсің? Ерте тұрып алыпсың ғой. – деп келесі бөлмеге өтіп, мұздатқыштан сүт құйылған кастрюлді алып шықты.
          - Киімдерімді іздеп жүрмін. Апа көрген жоқсың ба? – дедім апама.
          - Киімдерің телевизор тұрған бөлмеде жатқан шығар. Сол жаққа ұйықтап қалып едің. – деп ауызғы бөлмеге қарай өтіп бара жатып. – Мында жатыр киімдерің. Киініп, жуынып таңғы асыңды ішіп ал елмен қатар, – деді де жаз үйге қарай шығып кетті. Киініп алып сыртқа шықтым. Күн әлі шыға қоймапты. Аулада қыт-қыттап бір көзі соқыр әтеш жүр. Мені көріп «Мынау жүр. Абайлаңдар!» дегендей қасындағы тауықтарға ескерткендей дыбыс шығарып, қанатын қаға бастады. Әжетханаға қарай бұрыла беріп едім, қолында дәрет алатын құманы бар атам жаз үйге қарай беттеп келе жатыр екен қақырынып.толығырақ...


    Жеткирбаев Айнабек Асхатұлы 1986 жылы 20 шілдеде Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарлы ауылында дүниеге келген. Байғанин аудандық мәдениет үйінің көркемсөз оқу үйірмесінің жетекшісі. Жастайынын шығармашылыққа бейім, өлеңдері аудандық, облыстық мерзімді басылымдарда жарияланып тұрады. Өлеңдері Ақтөбе облысы әкімі Б.Сапарбаевтың және облыстық мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен С.Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасының құрастырған «АҚ АЙДЫН» жас таланттар шығармаларының жинағына енді.

    Ауыл көрінісі

    Жастары бар ақсақалдан үлгі алған
    Өр намысы биік тұрған шындардан.
    Туған жерім ғұмырлы боп тағдырың,
    Адал болшы қасыретпен мұңдардан.

    Сенде тумай қалай қонар құт маған?
    Әр ісімді шын көңілмен құптаған.
    Жазатайым бұра қалса ат басын,
    Жақын тұрмақ жатқа қабақ шытпаған.

    Ақ жаулықты аналарда сол елде,
    Біздің елде жақын жандар өнерге.
    Өз көзімен көрмегендер сенерме?
    Кең даламда шапшы мініп дөненге.

    толығырақ...

     

     
    Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі