Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Мәдени шаралар

Маусым айындағы онлайн - шаралар:



   Аудан айнасы «Жем-Сағыз» газетіне -85 жылдығына орай «Социальды ауылдан басталған жол» тарихи виртуалды көрме. https://www.instagram.com/baiganinkitapkhana/





  Әлемдегі COVID-19 инфекциясынан сақтану жолдары туралы сақтану жолдары туралы жарияланымдар ұсынылды. https://www.instagram.com/baiganinkitapkhana/



   «Жат ағымнан аулақ бол, жас ұрпақ!» аудандық мешіттің бас имамы,теолог Көрпебаев Ержан Ермұратұлымен сұхбат.






   «Тұрмыстық зорлық зомбылық өркениет өрісіне тұсау» Байғанин аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция майоры Сағынғанов Айбек Жұмажанұлымен тікелей эфирде сұхбат. https://www.instagram.com/baiganinkitapkhana/



   Жарқамыс модельді ауыл кітапханасы сол өңірдің перзенті, әнші,актер, қазақ өнеріне талантымен танымал болып келе жатқан азамат-Нұрболат Абдулинмен кездесу сағаты өткізілді. https://www.instagram.com/baiganinkitapkhana/




   Халықаралық Әкелер күнімен құттықтау. https://www.instagram.com/baiganinkitapkhana/

 «Рухани құндылықтардың қайнар көзі» 1965-1999 жылдар аралығындағы кітапхана тарихы танымдық слайд. https://www.instagram.com/baiganinkitapkhana/

   «Нашақорлық –қоғамдық дерт» ақпараттық сағат. https://www.instagram.com/baiganinkitapkhana/



   Жерлесіміз, жас ақын Жұмағалиев Есенбек Ескендірұлымен «Жүрегіме қанатты жыр байлаған» атты тікелей эфирде сұхбат.https://www.instagram.com/baiganinkitapkhana/





   «Салауатты ұрпақ – мемлекет тірегі» аудандық аурухананың салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігері Назым Жақсылықовамен сұхбат. https://www.instagram.com/baiganinkitapkhana/



   4 маусым –ҚР Рәміздер күніне орай аудан кітапханаларында «Мемлекеттік Рәміздер – ұлт мақтанышы», «Рәміздерім – еркіндік белгісі» танымдық бейнероликтер ұсынылды. https://www.instagram.com/baiganinkitapkhana/






   Жергілікті Қарауылкелді округі мамандарымен бірлескен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – жалпыға ортақ міндет» кітап көрмесінің таныстырылымы.https://www.instagram.com/baiganinkitapkhana/






   «Рухани жаңғыру «бағдарламасы аясында «Латын қарпі –бірлік негізі» танымдық әңгіме. https://www.instagram.com/baiganinkitapkhana/

   Шығыс ойшылы Әбу-Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы аясында ойшылдың трактаттарынан, қанатты сөздерін ұсынуды жалғастырылды. https://www.instagram.com/baiganinkitapkhana/

   Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы таңырқа» тақырыбында Абай шығармаларын, қарасөздерінен, поэмаларынан онлайн оқуы жалғасуда. https://www.instagram.com/baiganinkitapkhana/

Мамыр айындағы онлайн - шаралар:



   Ақын Есенбай Дүйсенбайұлының туғанына 80 жыл толуына орай «Есенбай ақынның жыр керуені» кітапханалық онлайн марафоны жарияланып, аудандық орталық кітапхана «Перизат жырдың пырағы», Жарқамыс моделді ауыл кітапханасы «Есенбай ақынның жыр керуені» сөз –жұмбақ, Жарқамыс балалар кітапханасы балалар арасында оқу марафонын өткізілді.https://www.instagram.com/baiganinkitapkhana




   Халықаралық Отбасы күніне аудандық балалар кітапханасы «Ұлағатты отбасы» атты аға оқытушы, зейнеткер ұстаз, Іскер әйелдер ассаоциациясының мүшесі, спорт ардагері, Қонаевтар отбасының анасы Аманғалиева Мира әжемен және Алтай модельді ауыл кітапханасында «Ұлттың да, қоғамның да ірге тасы – Отбасы» тақырыбында зейнеткер –ұстаз, жазушы, ақын, сазгер, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, өнегелі отбасының анасы – Асылгүл Арықовамен бейне - сұхбаттар ұсынылды.https://www.instagram.com/baiganinkitapkhana



   Ақын, сазгер,драматург Бәкір Тәжібаевтың туған күніне орай «Әуелеп ұшқан ән ғұмыр» бейнеролик.https://www.instagram.com/baiganinkitapkhana/







   «Әсемпаз болма әрнеге» қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбайұлыныңы 175 жылдығына орай жас талапкер ақындар мүшәйрасы жарияланды. https://www.instagram.com/baiganinkitapkhana/







   «Жырлары мөлдір бұлақтай» 15 мамыр – қазақтың лирик ақыны Сағи Жиенбаевтың туған күніне орай ақын жырларынан онлайн оқу байқауы және «Сағидың поэзия салтанаты» танымдық онлайн кеш.





   «Бір ел-бір кітап» акциясына ұсынылған Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» кітабын ұсыну бағытында букктрейлер. https://www.instagram.com/baiganinkitapkhana/

   «Ұлы Жеңіске мың тағзым» әлеуметтік желіде Ұлы Отан соғысы туралы өлең оқу марафоны ұйымдастырылды

   «Рухани жаңғыру» бағдарламасы 2017-2020 жылдары кітапханадағы бағдарлама асясындағы шаралар слайд таныстырылымы https://www.instagram.com/baiganinkitapkhana

   Мерекелік құттықтау «Біз біргеміз, берік іргеміз», «Қазақстан татулық пен бірліктің мекені» онлайн кітап көрмесі. https://www.instagram.com/baiganinkitapkhana

   

Әлемдегі COVID-19 –қа орай пандемия салдарына орай Қазақстанда төтенше жағдайдың
жариялауына орай кітапханада шаралар сәуір онлайн трінде ұйымдастырылуда.

   Жерлесіміз, КСРО Батыры Қожабай Жазықовтың 100 жылдығына орай батыр ұрпақтарымен, замандастарымен тікелей эфирде «Жұлдызды ғұмыр» атты сұхбат өткізілді. Сұхбатқа батырдың ұлы Балғали Жазықов, замандас әріптесі, ұстаз, «ҚР Білім беру ісінің үздігі» еңбек ардегері Досқуатов Межеш, туысы, «Жем-Сағыз» газетінің редакторы Кәдіров Ұлықпан қатысты. https://www.instagram.com/baiganinkitapkhana



   Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Ұлы Жеңіске мың тағзым» әлеуметтік желіде Ұлы Отан соғысы туралы өлең оқу марафоны.






 «Қазақ поэзиясының сәулеткері» ақын Қуандық Шаңғытбаевтың шығармашылығы туралы таным сағаты. https://www.instagram.com/baiganinkitapkhana

   «Мен әлі жарқ етемін» жас ақын, жыр мүшәйралары мен айтыстар жеңімпазы Ақілгек Мырзабаймен тікелей эфирде бейне-сұхбат https://www.instagram.com/baiganinkitapkhana

   #kitappendosbol хэштегі бойынша «Кітапхана ардагерлері ұсынады» оқырманды кітап оқуға шақыру шарасына ҚР Мәдениет қайраткері, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің Байғанин аудандық ұйымының төрайымы Батима Кенжебаева,кітапхана ісінің ардагері, көп балалы ана Жазық Көккөзқызының қатысуымен жарияланым ұсынылды.

 











   Облыстық «Оқитын өлке» акциясына ұсынылған ақын, көсемсөз шебері, мәдениеттанушы Мейірхан Ақдаулетұлының шығармашылығы туралы «Аспанымнан ақ нөсер жыр құлаған» әдеби танымдық кеш.





   «Байғанин дарабоздары» Жем бойының ақындарын өлеңін онлайн оқу шарасы.https://www.instagram.com/baiganinkitapkhana

   18 сәуір - Халықаралық тарихи ескерткіштер мен тарихи орындар күні аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Байғанин ауданы тарихи ескерткіштері» атты танымдық виртуалды көрме ұсынылды. https://www.instagram.com/baiganinkitapkhana

   «Жем-Сағыздың әдеби әлемі» жобасы бойынша жазушылар Қажығали Мұханбетқалиұлының «Тар кезең», Жұмабай Тәшеновтың «Жауынгер жолы» кітаптарын толық нұсқасын оқу Қазақстан Ұлттық Кітапханасының kazneb.kz сайтынан оқу ұсынылды.

 


   Қазақ халқының айтулы ақыны, жыр дүлділі белгілі «Бес жүйріктің бірі» Ақтан Керейұлының туғанына 170 жыл толуына орай «Ақ дария Ақтан ақын» атты Ақтантанушы ғалым, айтыскер ақын, «мәдениеттану» мамандығынының докторанты, Қазақстан Журналистер Одағының және Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер Одағының мүшесі Ази Есентүгел Амангелдімен тікелей эфирде сұхбат өтті. https://www.instagram.com/baiganinkitapkhana

   Жерлесіміз қазақтың көрнекті ақыны Есенбай Дүйсенбайдың туғанына 80 жыл толуы аясында жас талапкер ақындар Жеткербаев Айнабек, Жұбаева Құндыз Естерекқызы, Алдабергенова Ақторғын,Мәтжан Ернұр Қайратұлы, Мырзабай Ақілгектің қатысуымен «Есенбайдың жыр әлемімен сырласайық» атты онлайн поэзия сағаты ұсынылды. https://www.instagram.com/baiganinkitapkhana

   ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласынан үзінділер жарияланды. https://www.instagram.com/baiganinkitapkhana



   Облыстық «Оқитын өлке» акциясына ұсынылған ақын, жырау Нұрпейіс Байғаниннің шығармаларын насихаттау мақсатында «Жырдың нұры-Нұрпейіс» атты виртуалды кітап көрмесі ұсынылды, «Нұрлы жүзді-Нұрпейіс» әдеби - лото жарияланды.https://www.instagram.com/baiganinkitapkhana





   COVID-19 –дың алдын алу және сақтану жолдарын жүзеге асыру мақсатында ауыл тұрғында бетпердет(маска) тігу жұмыстары жүргізіліп, дерттен сақтану жолдары туралы түсініктер туралы жарияланды.https://www.instagram.com/baiganinkitapkhana/

   Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Абай шығармаларынан тағылымды сөздер және Шығыс ойшылы Әбу-Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы аясында ойшылдың трактаттарынан, қанатты сөздер ұсынылды.

 









   Аудандық ОКЖ-нің әлеуметтік желідегі инстаграмдағы @baiganinkitapkhana парақшасы арқылы мәдени шараларды онлайн түрінде өткізу, #kitappendosbol #Birgemiz хэштегтері арқылы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына, шығыс ойшылы Әбу-Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы аясында қарасөздерін жариялау, өлеңдерінен челлендж ұйымдастыру, онлайн шаралар ұйымдастыру бастау алды.



   Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы таңырқа» тақырыбында Абай шығармаларын, қарасөздерінен, поэмаларынан онлайн оқуы ұйымдастырылды.





Қазақ поэзиясының қос тұлғасына арналғңан шаралар

Т.Молдағалиев -85, Қ.Шаңғытбаев -95

   Аудандық орталық кітапхана №3 Қарауылкелді орта мектебінде ақын Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 85 жыл толуына орай «Қазақ поэзиясының інжу-маржаны» атты ақын өмірі мен шығармашылығы туралы танымдық сағат өтті. Жасөспірімдерді әдебиет әлеміндегі ақынның өмірінен естеліктер тыңдалып, пооэзияға деген қызығушылығын арттыру арқылы қазақ халқының тіл байлығын таныту, елжандылыққа баулу мақсатында өткен танымдық сағатта ақын жырлары тыңдалды, «Жырлары елге деген махаббаты» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

   Сонымен бірге Т.Жармағамбетов атындағы орта мектепте қазақ ақыны Қуандық Шаңғытбаевтың туғанына 95 жылдығына орай «Құландай жүйрік Қуандық» атты поэзия сағаты өтті. Поэзия сағатында алдымен ақын өмірі мен шығармаларынан ұйымдастырылған «Қазақ поэзиясының сәулеткері» тақырыбында кітап көрмесі таныстырылды. Ақынның өмірі мен жырлары, публицистикалық мақалалары таныстырылып, драматургиясы мен аудармасынан үзінділер, жырлары тыңдалды .

 


«Өмірімнің көктемі бар, жазы бар»

   Аудандық орталық кітапхананың коворкинг орталығында «Сырласайық, Замандас» клубының ұйымдастырумен еңбек ардагері, жоғары санатты ұстаз, ақын Ақмаңдай Ыбыраевамен «Өмірімнің көктемі бар, жазы бар» атты атты бенефис –кеші өтті. 8 наурыз - Халықаралық Әйелдер күні аясында ұйымдастырылған бенефис - кеште ақын Ақмаңдай Ыбыраеваның өмірі мен қызметі, ақындығы туралы хабардар ететін жеке құжаттар көрмесі, «Өнегелі өмір мен өлең жырдың иесі Ыбыраева Ақмаңдай» тақырыбында бейнеслайд таныстырылып отырды. Кітапхана оқырмандары тарапынан кеш иесіне ұстаздық еңбегі, ақындығы туралы сауалдар қойылды. Ақынның 2019 жарық көрген «Сағыныш саздары» жыр кітабынан «Өлең өлкесінде» «Өмірімнің көктемі бар, жазы бар», «Әл-Фараби сөзінен туған ой», «Қазіргі жастар қандай?» жырлары тыңдалды.

   Бенефис-кеште Ақмаңдай ақын сауалдарға жауап беріп қана қоймай, бүгінгі жастарды оқуға, білім алуға, өз мамандығының шын иесі болуға шақырды. Және өзіне ұнаған сауал иелері Байғанин техникалық колледж студенті Аружанға, жас ақын Айнабек Жеткербаевқа өз кітабын тарту етті. Шығармашылық жолда өлең жазумен бірге эссе, реквием, ой толғамдарын қағаз бетіне жазып жүретін ақын қызға өзінің бірге өскен құрбысы, жаны шығармашылыққа жақын зейнеткер ұстаз Света Бердіғалиева, Қарауылкелді орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, «Білім беру ісінің үздігі» Алтынай Ақдәулетова, аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Әнетов Әнуар, кітапхана ісінің ардагері, ҚР Мәдениет қайраткері Батима Кенжебаева, аудандық ОКЖ директоры Айгул Тукенова ақын Ақмаңдай Ыбыраеваға шығармашылық жетістіктер тілеп, сыйлық табыс етті.

 


Алғыс айту күніне арналған шаралар

   Аудан кітапханаларында 1 наурыз –Алғыс айту күніне орай іс-шаралар өткізілді. Аудандық орталық кітапхана жасөспірімдер арасында «Өмірге риза болып алғыс айт» атты әңгіме-сұхбат өтті. Шараға Байғанин техникалық колледж студентері қатысуымен өтті. Мақсат жасөспірімдерге Алғыс айту күнінің тарихы мен қазақстандық патриотизм, достық пен бірлігіміздің, этностық мәдени саналуандығымыздың жарқын күні екендігін ұғындыру, халқымыздың үлкендер мен кішілер сыйластықты түсіндіру, қарым-қатынас жасаудағы адамгершілік мен қайырымыдылық бағытын ұғындыру. Сұхбатта жастар мен студенттер, ұстаздар алғыс айту , адамгершілік пен мейірімділік, ұлттар ынтамақтастығы туралы ой-пікірлеррін білдірді. Кітапхана ұжымы атынан әріптестік бірлестігі үшін техникалық колледж оқу тәрбие ісінің орынбасары Қазанбаев Амандыққа және жастарға алғыс ашық хаттары тапсырылды. Қазақстандағы ұлттар достығы мен ынтамағы, қазақ халқының қайырымдылығы мен мейірімділігі туралы баяндалған басылымдардан «Бір шаңырақ астында» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылды.

   Аудандық орталық кітапхана қызметкерлері аудан орталығындағы бірлесе жұмыс жасап келе жатқан ұжымдарға мектептер,шығармашылық орталықтары мен музыка мектетері және кітапхана оқырмандарына Алғыс хаттарын таратып, ризашылық білдіру шарасын өткізді.

   Аудандық балалар кітапханасында «Алғыста шек болмайды» тақырыбындағы шара 5-6 сынып оқушылары арасында өткізілді. Балалар ата – анаға, ұстазға, Отанға, т.б. өз көкейлеріндегі жүрген адамдарға алғыс білдіру екендігін ұғынып, өз туындыларын ортаға салды, жырларын оқыды, ән шырқады.

   Қораши ауылдық кітапханасында Алғыс айту күнінде Қораши ауылында қайырымды, жетім балаларды қамқорлап келе жатқан мейірімді Өтеғұловтар отбасымен «Нұрын сепкен» атты кездесу кеші өткізілді. Қамқоршылық көрсетуші Гүлсім Тұрақбайқызы туралы өмірі мен еңбегі туралы баяндалды. Мақсат Оқырмандар ,оның ішінде балалар мен жастар арасында мейірімділік пен қайырымдылық ұғымдарын түсіндіру, қамқоршы жандарды құрметтеу, ризашылық пен алғыс білдіруді ұғындыру.

 


«Алғыста шек болмайды»

   1 наурыз-Алғыс айту күніне орай балалар кітапханасы «Алғыста шек болмайды» атты алғыс айту сағаты өткізілді. Мақсат оқырмандарға елімізде бастау алған алғыс айту күнінің тарихы мен мәні, ұлттар арасындағы ризашылық пен ынтымақтастық, бірліг туралы қағидалаларды ұғындыру. Алғыс айту күнінің тарихы мен мәіметтерді бере отырып, оқырмандар арасында қазақ халқына дегенөзге ұлттардың алғысы мен ризщашылығы туралы баяндалды. Шарада Т.Жармағанбетов атындағы, №2 қарауылкелді орта мектептерінің оқушылары белсенділік танытты.

 


«Асыл сөзді іздесең...»

   Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жыл толуына орай аудандық балалар кітапханасында мектеп оқушыларымен «Асыл сөзді іздесең...» атты тақырыпта мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Қазақтың ғұлама ақыны,шоқтығы биік тұлғаларының бірі А Құнанбайұлының шығармаларын кеңінен таныстыру,оқушылардың дүниетанымын кеңейту,өлеңге деген құштарлықтарын арттыру мақсатында өткізілген мәнерлеп оқу сайысында әр мектеп оқушылары келіп қатысып, өздерінің бағын сынады.

   Сайыстың ашылу салтанатын Б Тәжібаев атындағы саз мектебінің бишілері «Қазақ» биімен ашып берді.

   Ақынның өлеңін №1 Қарауылкелді орта мектебінің 8 сынып оқушысы А Айбекқызы «Білектей арқасында өрген бұрым» атты өлеңін алғашқы болып бастап 1-ші дәрежелі дипломмен иеленсе, №2 Қарауылкелді орта мектебінің 9 сынып оқушысы А Амандықова «Қалың елім,қазағым қайран жұртым» атты өлеңін айтып,1-ші дәрежелі дипломмен, А Ертарғынова «Қалың елім қазағым» Т.Жармағамбетов атындағы орта мектеп оқушысы М Рүстем 18,19,20 ші қара сөздерімен «Патша құдай,сыйындым» өлеңімен 2-дәрежелі дипломмен марапатталды. №2 Қарауылкелді орта мектебінен 9 сынып оқушысы А Ермеков «Өлсем орным қара жер», №4 Қарауылкелді орта мектеп-гимназия мектебінің оқушысы Н Сауытбаева «Көңілім қайтты» өлең оқып 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. А Анатолиева «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», А Сырлыбаева «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес», А Қарымсақов «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып,қарасөздерін жатқа айта білді. Сайысқа қатысушы оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.

   Оқырмандар кеш барысында, ақынның сөзіне жазылған «Көзімнің қарасы», « Желсіз түнде жарық ай» атты өлеңдерін хормен орындап берді.

   Аталмыш шараға орай «Абайдың қара сөзі – даналық әліппесі» атты тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу жасалып, оқырмандарға кең көлемде таныстырылды. Көрмеге ақынның әдебиеттері, естелік кітаптар қойылды.

 


«Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы»

   Аудандық орталық кітапхана Қарауылкелді орта мектебінің 11 сынып оқушыларымен «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында дөңгелек үстел сұхбаты өткізді. Мақсат – «Сыбайлас жемқорлық ұғымы туралы жастарға түсіндіру, қоғамға жат материалдық құндылықтар дағдарысының шығу, қарсы әрекеттер табу жолдары туралы жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

   Дөңгелек үстел сұхбатында Аманкелді Ә.,М.Мадиярова,Ұ.Дүйсекен,Ү.Оспан, Ұ.Амантурлин, Д.Қырымова, С.Қалиева, І.Тасин сынды жастар өз ой пікірлерін ашық білдірді. Аталмыш тақырыпта ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылды.

 


«Ерлікке тағзым»

   Аудандық орталық кітапхана, аудандық мәдениет үйі.аудандық музейдің бірлесек ұйымдастыруымен Ауғанстан соғысының аяқталғанына 31 жыл толуына орай ауған соғысының ардагерлерімен «Әлем әкелердің арқасында» атты сыр сұхбат сағаты өткізіліп, шара аясында Ауғанстан жерінде жауынгерлік интернационалдық ерліктін үлгісін көрсеткен жғрлес жауынгерлер туалы жинақталған тарихи құжаттар мен фотосуреттер басылымдардан хабардар ететін «Ерлікке тағзым»көрмесі жасөспірімдерге таныстырылды.

 


Жас кітапханашы –волонтер

   Жарқамыс балалар кітапханасының кітапханашысы, жас маман Ақболатқызы Үміт ауыл жастары арасында, оның ішінде қайырымдылық іс шараларын ұйымдастырудың ұйтқысы. Кітапханда жұмыс істей жүріп ауыл жастарының басын біріктіріп, туған жері Жарқамыс ауылындағы және көршілес Қызылбұлақ ауылдық округіндегі Кемерши ауылында қайырымдылық шараларын ұйымдастырып көп балалы және аз қамтылған отбасылары мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек беріп келеді. Белсенді жас аудандық Жастар ресурстық орталығынының ұсынысымен 2020 жылы ақпан айында Нұр-Сұлтан қалаласында өткен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың қатысуымен өткен Волонтер жылының ашылуы форумына қатысып келді. «Біз біргеміз жобасы бойынша өзіндік үлесін қосып, жастарды жақсылық жасап жарысуға шақырды.

 


«Алтын Орда тарихы -750 жыл»

   Балалар кітапханасында қазақ тарихындағы Алтын Орданың 750 жылдығына орай «Алтын Орда тарихы -750 жыл» кітап көрмесінің таныстырылымы өткізілді. Кітап көрмесіне қазақ жері мен елінің, қазақ хандығының қалыптасуы тарихынан хабардар ететін кітаптар мен тарихи басылымдар қойылып,оқырмандарға таныстырылды. Кітап көрмесіне қатысқан оқырмандар, тарихи шығармалар туралы танысып, дауыстап оқулар өткізді.

 











«Фарабитану қайта жаңғыру кезеңінде»

   Аудандық орталық кітапхана Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі №4 орта мектеп –гимназиясында жасөспірімдер арасында шығыс ойшылы, әлемнің екінші ұстазы, ғалым Әбу-Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Фарабитану қайта жаңғыру кезеңінде» танымдық сағат өткізілді. Танымдық сағатта алдымен әлем ұстазы туралы «Әл-Фараби өркениет философы» атты кітап көрмесі таныстырылды. Шығыс ойшылының өмірі мен ғылыми еңбектері, ол туралы жазылған әдебиеттер ұсынылып таныстырылыды. Ғалымның өміріндегі естеліктерден үзінді, қазақ ақыны Қадыр Мырза-Әлінің «Әл-Фараби» өлеңі тыңдалды.

 


«Салауатты өмір салтын сақтаймыз»

   Сағыз моделді ауыл кітапханасы жергілікті отбасылық амбулатория қызметкерлерімен бірлесе «Салауатты өмір салтын сақтаймыз» атты тақырыпта танымдық сағат өткізілді. Шарада ауыл дәрігерлері тазалықты сақтау, ауырмаудың жолын іздеу, спорт денсаулық кепілі туралы лекциялар оқыды. Салауатты, саламатты өмір салтын ұстануда жеке адамның гигенасы, түрлі жұқпалы ауралардың алдын алу жолдары, денсаулық тірегі спорт туралы мәліметтер беретін басылымдар мен мерзімді баспасөз бетінде жарияланған мақалалар таныстырылды.

 


«Адалдық алаңы –жемқорлықсыз қоғам»

   Жарқамыс моделді ауыл кітапханасында оқырмандарға сыбайлас жетқорлықтың өте қауіпті жағымсыз әрекет екенін, оның алдын алу, күресу барша азаматтың міндеті,өз Отанын сүйетін ар намысты ұрпақ болуына ықпал ету мақсатында «Адалдық алаңы –жемқорлықсыз қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел сағаты өтті. Шарада оқырмандар аталмыш тақырып төңірегінде өз ой пікірлерін білдіріп, ортаға салды. Сонымен бірге жетқорлық туралы түсінік беріліп, бүктемелер, мерзімді басылым материалдарынан көрме ұйымдастырылып, таныстырылды.

 


Абай ақынға арналды.

   Аудан кітапханаларында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай өмірі мен шығармашылығын таныту мақсатында іс шаралар ұйымдастырылуда. Мақсат Ұлы ақын Абайдың өмірі мен шығармашылығындағы өлеңдері мен қара сөздерін, поэмалары, аудармалары мен нақыл сөздері, әндерін насихаттау, өскелең ұрпақты адамгершілік қасиеттерге баулу,өмірі тағылымын алуына ықпал ету.

   Ебейті, Алтай, Жарқамыс моделді ауыл кітапханаларында «Шын хақім,сөзің сыл, баға жетпес», «Абай –ұлы тұлға», «Даналықтың нұрын сепкен дара Абай» әдеби кештері, Дияр ауылдық кітапханасында оқырмандар арасында «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Абай –дара, Абай-дара қазақта» кітап көрмелері ұйымдастырылып, «Қазақтың ұлы ақыны» атты әдеби сазды тағылымды кеші өткізілді.Өткізілген шараларда жергілікті білім беру мектептерінің оқушылары, ұстаздар, кітапхана оқырмандары қатысты

 


«Абай әлемі –ұлы қазына»

   Аудандық орталық кітапханада ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай өмірі мен шығармашылығындағы өлеңдері, аудармалары, поэмалары мен қара сөздері, афоризмдері әндерін таныстыру мақсатында «Абай әлемі –ұлы қазына» әдеби кеш өткізілді. Кеш барысында ақын өмірі мен шығармашылығы таныстырылды. Ақынның өлеңдерін оқырмандар Айбекқызы Айнара, Қанатқызы Бақыт, Арыстан Құралай, Шайхина Айымгүлдің оқуында тыңдалды. Ақынның «Ескендір» поэмасынан үзіндіні Айбекқызы Айнара, «Сегізаяқ» өлеңін Нұржанқызы Айгерім тыңдармандарға тамаша жеткізіп оқыды. Ақынның орыс ақыны Лермонтовттан аударған «Өзіңе сенбе, жас ойшыл өлеңін Жанұзоқова Орынайдың оқуында тыңдалды. Ең жас оқырман Ықыласова Гүлімхан Абайдың қара сөзін оқыды. Облыстық,аймақтық ән байқауларының лауреаты, әнші, Б.Тәжібаев атындағы балалар музыка мектебінің ұстазы Ақбота Тәжбағанбетова Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін тамылжыта шырқады. Кешті жүргізуге белсенділік танытқан оқырман, талапкер ақын Әділет Базарбаев ақын Абайға арнауын оқыды.

   Ұлы ақынның мерейтойына әлеуметтік желі Инстаграммдадағы «baiganinkhana» парақашасына жарияланған «Абай әлеміне саяхат» әдеби лото ойыны ұйымдастырылған болатын. Осы әдеби лотоға 100-ден астам оқырман қатысты. Осы орайда кітапхана әкімшілігі атынан ОКЖ директоры А.Тукенова лотода белсенділік көрсетіп, сұрақтарға дұрыс, нақты жауап берген оқырмандар Ержанқызы Шынар, Мәтжан Нұрасыл, Абибуллина Ақгүл Теміржанқызына алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады. Соынмен бірге кештіі өтуіне белсенділік танытқан оқырмандарға да ризашылығын білдіріп, алғыс хаттар табыс етті.

 











Айтыскер Шынберген Сүлейменовпен кездесу

   Аудандық орталық кітапхананың ковоаркинг орталығында айтыскер ақын, сазгер әнші Шынберген Сүлейменовпен ауданның талапкер ақындарымен, аудан жастарымен еркін форматта кездесу өткізілді. Жастар мен жас талапкер ақындармжыр шайыры Ш.Сүлейменовтың өмірі мен шығармашылығымен танысуымен қатар, қызықтырған сауалдарына жауап алды. Өлеңдері әнмен ұштасқан, өнер әлемінде қалықтап, тыңдаушысын әсем әндерімен баураған ақынға қатысушылар, өлең жазу, ән шығарудан басқа қабілеттері мен хоббиі туралы сұрады.

   Өңіріміздің жас ақындары Жеткербаев Айнабек, Алдабергнова Ақторғын шайыр Шынбергенге өз туындыларын арнаса, кешке қатысқан өнердегі шығармашылықта басы бірге жүрген әншілер ағайынды Көшербаевтар, Арман Жиеналиев әндерін шырқады.

   Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің диреткоры Айгул Тукенова жастармен кездессіңіз деген ұсынысты қабыл алғаны үшін құрметті қонақтарға ризашылығын білдіріп, жергілікті ақын жазушылардың шығармалары жинақталған «Жем-Сағыз ақын – жазушыларының антологиясын» тарту етті.

 


«Қазақстан -Ұлы дала елі

   Жарқамыс моделді ауыл кітапханасында «Қазақстан -Ұлы дала елі» кітап көрмесі кітапханаға келген жаңа оқырмандарға таныстырылды. Мақсаты: Оқырмандарға халқымыздың өткен тарихы мен жетістіктерін таныстыру, ел дамуы жолындағы мемлекеттің бағыты туралы танымын кеңейту . Кітап көрмесіне еліміздегі «Болашаққа бағдар : Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары және мемелкеттік, аймақтық бағдарламалары туралы баяндай келе, еліміздің даму бағыттары туралы басылымдар мен кітаптарға библиографиялық шолу жасалды. Кітап көрмесіне қатысқан 13 оқырман.

    Аудандық балалар кітапханасында аталмыш мерейтой иесі Қадыр Мырза –Әлінің өмірі мен шығармашылығын өскелең ұрпақтарға таныстыру мақсатында «Ұлт ақыны» атты әдеби кеш өткізілді. Балаларға ақын өмір мен шығармашылығынан хабардар ететін кітап көрмесі мен бейнеслайд ұсынылды. Ақынның жырларын кітапхананың тұрақты оқырмандары оқыды, Ақын өлеңіне жазылған ән шырқалып, өнерлі оқырман К.Ұлықпан күмбірлеген күй төкті.

 











«Қадыр Мырза-Әлі -85 жыл

   Аудан кітапханаларында ақын , халық жазушы Қадыр Мырза-Әлінің туғанына 85 жыл толуына орай «Көрнекті ақын» (Жарқамыс моделді ауыл кітапханасы), «Жырлары мөлдір бұлақтай (Қораши ауыл кітапханасы), «Халқының асыл перзенті» (Алтай моделді ауыл кітапханасы), «Қазақтың дана Қадыры» (Қопа ауылдық кітапханасы) «Өлеңнің тау тұлғасы-Қадір ақын» тақырыптарында іс-шаралар өткізілді. Мақсаты: Қазақ әдебиетіндегі көрнекті ақын, халық жазушысы Қадыр Мырза-Әлінің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оның лирикалық өлеңндері, даналық пен адамгершілік бағыттары тағылымды шығармаларын оқырмандар арасында насихаттау.

 











 











«І.Есенберлин –105»

   Аудандық балалар кітапханасы Қазақстанның халық жазушысы Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында «Заманын жырлаған жазушы» атты әдеби портрет кеші өткізілді. Кеште жазушы шығармашылығы кең таныстырылып, «Көшпенділер» трилогиясынан үзінділер тыңдалды. «Қарымды қаламгер» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды

 











 











«Абай Құнанбайұлы -175»

   Байғанин модельді ауыл кітапханасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай балалармен ұлы ақынның өнегелі өмірі мен шығармашылық жолындағы өлшеусіз еңбегін насихаттау мақсатында «Абай-азаттық ойдың бастаушысы» атты танымдық кеш өтті. Кеште ақын Абай құнанұлының өмірі мен шығармакшылығы таныстырылды. Оқырмандар ақын өлеңдерін оқыды. «Абай-ұлы тұлға» тақырыбында ұйымдастырылған кітап көрмесіне ақынның әр жылдары шыққан кітаптары мен ақын туралы жазылған естелік кітаптар қойылып,библографиялық шолу жасалды.Қатысқан оқырман саны 17

 











   Аудандық орталық кітапхананвң оқу залында жасөпірімдермен «Әлемге танылған ұлы Абай» атты кең көлемде кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ақын Абайдың шығармалары (өлеңдері мен поэмалары, қара сөздері, аудармалары, әндері,даналық ойлары және т.б.) ұсынылды. Кітап көрмесінде ұсынылған басылымдармен бірге «Бір ел-Бір кітап» акцияға ұсынылған жазушы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясында ақын Абай Құнанбайұлын терең танып білуге жасөспірімдерге ұсынылып, бүкілхалықтық оқуға шақырылды.

 











   Аудандық балалар кітапханасы №1 Қарауылкелді орта мектебінде «Мәңгілік елдің ұлы Абайы» атты кең көлемде кітап көрмесі ұйымдастырылып өткізілді. Кітап көрмесіне 5 сынып оқушылары қатысып, ақын өмірі туралы, оның шығармаларымен танысты. Ақын өлеңдерін оқумен жарысып, өздерінің ұлы ақын Абай туралы білімдері мен танымын көрсетті. Кітап көрмесіне ақын Абай Құнанбайұлы өмірі мен ол туралы жарық көрген басылымдар, өлеңлері, қара сөздері, даналық ойлары туралы кітаптары қойылып, оқырмандарға оқуға ұсынылды. Қатысқандар саны -55

 











 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі