Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Бұлақтыкөл селолық кітапханасы

Мекен жайы: Қызылбұлақ ауылдық округі, Бұлақтыкөл ауылы
Инстаграмм парақшасы: @bulaktykol_kitaphana
Кітапханашы: Смагул Гулнафис

            2022 жыл:
            Кітап қоры: 5455
            Мемлекеттік тілде: 2811
            Кітап берілімі: 6106
            Мемл.Тілде: 6106
            Оқырман: 345
            Жасөсп.оқырман:79
            Балалар: 96
            Қатысым: 2881
            Өткізілген шаралар: 34
            қатысқандар: 373

    Кітапханада жыл ішінде қазақтың танымал тұлғаларының мерейтойлары, «Бір ел-бір кітап», «Оқитын өлке» акциялары аясында тақырыптық іс-шаралар өткізілді. «Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы», «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз», «Байтақ өлке – Ақтөбе», «Жем-Сағыздың әдеби әлемі» атты тақырыптарда тұрақты кітап көрмелері жасақталып, библиографиялық шолу жасалды. «Наурыз – мерекем, наурыз - берекем» атты этнографиялық ойын, «Ұлттың ұлы ұстазы» (А.Байтұрсынов) «Еркін ой, ерек мінезді ақын» ( С.Баймолдин) атты танымдық сағаттары өткізілді
    Әлеуметтік желідегі @ bulaktykol _kitaphana парақшасында танымдық ақпараттық шаралар, бейнероликтер жарияланды.
Кітапхана көлемі-36 ш.м.

Жаңатаң селолық кітапханасы

Мекен жайы: Қызылбұлақ ауылдық округі, Жаңатаң ауылы
Инстаграмм парақшасы: @zhanatan_kitaphana
Кітапханашы: Апшекенова Қарашаш. Білімі арнаулы орта

            2022 жыл:
            Кітап қоры: 5353
            Мемлекеттік тілде: 3537
            Кітап берілімі: 8865
            Мемл. Тілде: 8469
            Оқырман: 377
            Жасөсп.оқырман: 63
            Балалар: 88
            Қатысым: 3780
            Өткізілген шаралар: 61
            қатысқандар:700
    Кітапханада жыл ішінде қазақтың танымал тұлғаларының мерейтойлары, «Бір ел-бір кітап», «Оқитын өлке» акциялары аясында тақырыптық іс-шаралар өткізілді.
    Кітапханада «Ұлылықтың отын жаққан шырақшы» атты әдеби кеште кітапхана жүйесі қоры негізінде «Ұлттың ұлы ұстазы» атты ақын, әдебиет зерттеушісі ғалым, түріктанушы, публицист, аудармашы қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының өмірімен шығармашылығына арналған кітап көрмесі жасақталып, оқырмандарға таныстырылды. Сәбит Баймолдиннің 80 жылдығына орай «Өжет ойлы ақын» тақырыбында жыр кеші өткізілді. Танымал жерлес жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Байғанин ауданының құрметті азаматы жерлесіміз Қажығали Мұқанбетқалиұлының туғанына 80 жыл толуына орай «Парасат биігіндегі қаламгер» әдеби кеш өтті.
    Әлеуметтік желідегі @ zhanatan _kitaphana парақшасында танымдық ақпараттық шаралар, бейнероликтер жарияланды.
Кітапхана ауыл клубта орналасқан . Көлемі -24.7 ш.м.

    Кітапханашы - Әбшекенова Қарашаш. Білімі арнаулы орта.


Баршақұм селолық кітапханасы

Мекен жайы: Сартоғай ауылдық округі, Баршақұм ауылы
Инстаграмм парақшасы: @barshakum_kitaphana
Кітапханашы: Амантурлина Жанат. Білімі арнаулы орта.

            2022 жыл:
            Кітап қоры: 4169
            Мемлекеттік тілде: 3465
            Кітап берілімі: 6496
            Мемл. Тілде: 6437
            Оқырман: 226
            Жасөсп.оқырман: 75
            Балалар: 82
            Қатысым: 3612
            Өткізілген шаралар: 61
            қатысқандар: 541

     Кітапхана оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандыратын 8 аталымда мерзімді басылымдар алады.
   Кітапханада жыл ішінде қазақтың танымал тұлғаларының мерейтойлары, «Бір ел-бір кітап», «Оқитын өлке» акциялары аясында тақырыптық іс-шаралар өткізілді.
   Кітапханада ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, “Құрмет” орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Байғанин ауданының құрметті азаматы жерлесіміз Қажығали Мұқанбетқалиұлының туғанына 80 жыл толуына «МАРЖАН СӨЗДІҢ ЗЕРГЕРІ» атты кітап көрмесі, ақын Сәбит Баймолдиннің 80 жылдығына орай «Өр мінезді ақын» атты жыр сағаты, т.б. мәдени шаралар өтті.
   Әлеуметтік желідегі парақшасында танымдық ақпараттық шаралар, бейнероликтер жарияланды.
Кітапхана көлемі -28.0 ауылдық ФАП ғимаратында орналасқан


    Кітапханашы - Амантурлина Жанат. Білімі арнаулы орта.


Қораши селолық кітапханасы

Мекен жайы Көлтабан ауылдық округі, Қораши ауылы
Инстаграмм парақшасы: @korashikitaphana.2
Кітапханашы: Татабааева Несібелі. Білімі арнаулы орта

            2022 жыл:
            Кітап қоры: 4046
            Мемлекеттік тілде: 3497
            Кітап берілімі: 7052
            Мемл. Тілде: 6906
            Оқырман: 370
            Жасөсп.оқырман: 56
            Балалар: 85
            Қатысым: 3554
            Өткізілген шаралар: 65
            қатысқандар: 924

    Кітапхана оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандыратын 8 аталымда мерзімді басылымдар алады. Кітапханада жыл ішінде қазақтың танымал тұлғаларының мерейтойлары, «Бір ел-бір кітап», «Оқитын өлке» акциялары аясында тақырыптық іс-шаралар өткізілді.

    Қораши ауылдық кітапханасында «Кітапхана – менің әлемім» тақырыбымен балаларға арналған кітапханалық квест ойыны ұйымдастырылды. Мақсаты: ойынға қатысушыларды кітаппен, кітапханамен, жазушылармен таныстырып қана қоймай, есте сақтау,назар аудару,зейінділік,логикалық ойлау икемділіктерін дамытуға мүмкіндік беру;

    Қазақтың біртуар, көрнекті ақыны М.Шахановқа арналған «Ақиқаттың ақыны» тақырыбымен портреттік кеш өткізілді. Кеш мақсаты:Қазақ поэзиясында өзіндік орыны бар ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат бере отырып, тіл шұрайын таныту, тарихи шындықты,сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу. Кеш барысында оқушылар қосымша сұрақтар қойып, шараға белсенділікпен қатысты.

    Әлеуметтік желідегі @korashikitaphana.2 парақшасында танымдық ақпараттық шаралар, бейнероликтер жарияланады.
    Кітапханашы Татабаева Несібелі. Білімі арнаулы орта
Кітапхана ғимараты ауылдық клубта орналасқан,көлемі 26.0ш.м.

Көкбұлақ селолық кітапханасы

Мекен жайы Қарауылкелді ауылдық округі, Көкбұлақ ауылы
Инстаграмм парақшасы:@kokbulak _kitaphanasy
Кітапханашы:Арыстан Гүлдәурен Тойғұлқызы . Білімі арнаулы орта.

            2022 жыл:
            Кітап қоры: 4940
            Мемлекеттік тілде: 4089
            Кітап берілімі: 6044
            Мемл. Тілде: 6044
            Оқырман: 302
            Жасөсп.оқырман: 66
            Балалар: 78
            Қатысым: 3356
            Өткізілген шаралар: 50
            қатысқандар: 303

    Кітапхана оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандыратын 8 аталымда мерзімді басылымдар алады. Кітапханада қазақтың танымал тұлғаларының мерейтойлары, «Бір ел-бір кітап», «Оқитын өлке» акциялары аясында тақырыптық іс-шаралар өткізіледі. «Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы», «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз», «Байтақ өлке – Ақтөбе», «Жем-Сағыздың әдеби әлемі» атты тақырыптарда тұрақты кітап көрмелеріұйымдастырылды., жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, “Құрмет” орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Байғанин ауданының құрметті азаматы жерлесіміз Қажығали Мұқанбетқалиұлының туғанына 80 жыл толуына «Қаламы қарымды жазушы» аты танымдық әдеби сағат, Сәбит Баймолдиннің 80 жылдығына орай «Өжет жырдың иесі» жыр сағаты өтті. Қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға - Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу мақсатында «Ұлттың ұлы ұстазы» атты тарихи сараптамалық кеш өткізілді. Кеш барысында ақынның өлеңдері оқылып, әдебиеттеріне шолу жасалды. Қатысқан адам саны: 11.
    Әлеуметтік желідегі @kokbulak _kitaphanasy парақшасында танымдық ақпараттық шаралар, бейнероликтер жарияланды.
Кітапхана ауылдық клуб үйінде орналасқан, көлемі – 26,8 ш.м.

Қаражар селолық кітапханасы

Мекен жайы Жарқамыс ауылдық округі, Қаражар ауылы
Кітапханашы:Айтмурзаев Мұхтар. Білімі арнаулы орта

            2022 жыл:
            Кітап қоры:6508
            Мемлекеттік тілде: 4230
            Кітап берілімі:9017
            Мемл. Тілде: 8990
            Оқырман: 427
            Жасөсп.оқырман:91
            Балалар: 126
            Қатысым: 3029
            Өткізілген шаралар: 17
            қатысқандар: 97

    Кітапхана қазақтың танымал тұлғаларының мерейтойлары, «Бір ел-бір кітап», «Оқитын өлке» акциялары аясында тақырыптық. танымдық ақпараттық шаралар іс-шаралар өткізіледі. «Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы», «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз», «Байтақ өлке – Ақтөбе», «Жем-Сағыздың әдеби әлемі» атты тақырыптарда тұрақты кітап көрмелері, «Наурыз- құт дарыған мереке», «Ер ерлігі ел есінде», «Туған жерім табиғаты көркем» тақырыптарында ауыл тұрғындарымен шаралар өткізілді.
Кітапхана ауылдық клуб үйінде орналасқан, көлемі – 40,0 ш.м

    Кітапханашы Айтмурзаев Мұхтар. Білімі арнаулы орта

Қопа селолық кітапханасы

Мекен жайы Қопа ауылдық округі, Қопа ауылы
Инстаграмм парақшасы: @kopa _kitaphanasy
Кітапханашы:Ержанова Кәмшат. Білімі арнаулы орта.

            2022 жыл:
            Кітап қоры: 4402
            Мемлекеттік тілде: 3757
            Кітап берілімі: 3632
            Мемл. Тілде: 2624
            Оқырман: 227
            Жасөсп.оқырман: 40
            Балалар: 60
            Қатысым: 1660
            Өткізілген шаралар:33
            қатысқандар: 989

    Кітапхана қазақтың танымал тұлғаларының мерейтойлары, «Бір ел-бір кітап», «Оқитын өлке» акциялары, тақырыптық, танымдық ақпараттық шаралар іс-шаралар өткізілді. «Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы», «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз», «Байтақ өлке – Ақтөбе», «Жем-Сағыздың әдеби әлемі» атты тақырыптарда тұрақты кітап көрмелері, Сәбит Баймолдиннің 80 жылдығына орай «Өжет ойлы ақын» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде оқушылар ақынның өмір жолы, шығармашылықтармен танысып ақын өлеңдерін оқыды. Көрме соңында оқушылар қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақ ойнап, сергіту сәтін жасады. Мақсаты: жерлес ақынның өлендері мен өмір жолымен танысу.
    Әлеуметтік желідегі@kopa _kitaphanasy парақшасында танымдық ақпараттық шаралар, бейнероликтер жарияланды.
Кітапхана ғимараты көлемі – 40,0 ш.м ауылдық ФАП ғимаратында орналасқан

Дияр селолық кітапханасы

Кітапханашы: Шаршыбаева Қибат. Білімі арнаулы орта

            2022 жыл:
            Кітап қоры: 3822
            Мемлекеттік тілде: 2980
            Кітап берілімі: 4427
            Мемл. Тілде: 4306
            Оқырман: 276
            Жасөсп.оқырман: 30
            Балалар: 76
            Қатысым: 2353
            Өткізілген шаралар: 43
            қатысқандар: 781

    Кітапхана оқырмандардың қазақтың танымал тұлғаларының мерейтойлары, «Бір ел-бір кітап», «Оқитын өлке» акциялары және тақырыптық. танымдық ақпараттық шаралар іс-шаралар өткізілді. «Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы», «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз», «Байтақ өлке – Ақтөбе», «Жем-Сағыздың әдеби әлемі» атты тақырыптарда тұрақты кітап көрмелері,Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай«Жаңа өмір-жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу» мерекелік шарасы, Балалар жылына орай «Менің сүйікті кітабым» , «Менің сүйікті ертегім» дауыстап оқу сағаттары өтті.
Кітапхана - ауылдық ФАП ғимаратында орналасқан, көлемі – 40,0 ш.м ,

Шұқырши селолық кітапханасы

Мекен жайы:Мекен жайы: Сартоғай ауылдық округі, Шұқырши ауылы
Кітапханашы:Шаршыбаева Қибат. Білімі арнаулы орта

            2022 жыл:
            Кітап қоры: 2891
            Мемлекеттік тілде: 2273
            Кітап берілімі: 994
            Мемл. Тілде: 994
            Оқырман: 34
            Жасөсп.оқырман: 8
            Балалар: 7
            Қатысым: 530
            Өткізілген шаралар: 15
            қатысқандар: 60

    Кітапхана қазақтың танымал тұлғаларының мерейтойлары, «Бір ел-бір кітап», «Оқитын өлке» акциялары ,тақырыптық. танымдық ақпараттық шаралар іс-шаралар өткізілді. «Мемлекеттік рәміздер ұлттық мақтанышымыз» атты танымдық сағат ,«Отбасы – бақыт мекені» ,«Домбыра – қазақтың асыл қазынасы» ақпараттық сағаттар өтті.
Кітапхана Кітапхана ғимараты-62,5 ш.м .

    Кітапханашы Шаршыбаева Қибат. Білімі арнаулы орта

Айрық селолық кітапханасы

Мекен жайы: Қопа ауылдық округі, Айрық ауылы
Кітапханашы: Утешова Жангул Сагизбаевна. Білім арнаулы орта

            2022 жыл:
            Кітап қоры: 3262
            Мемлекеттік тілде: 2347
            Кітап берілімі: 2200
            Мемл. Тілде: 2079
            Оқырман: 80
            Жасөсп.оқырман: 13
            Балалар: 28
            Қатысым: 530
            Өткізілген шаралар: 19
            қатысқандар: 105

    Кітапхана қазақтың танымал тұлғаларының мерейтойлары, «Бір ел-бір кітап», «Оқитын өлке» акциялары , тақырыптық. танымдық ақпараттық шаралар іс-шаралар өткізілді. «Қазақстан – туған өлкем, ұлы өлкем» тақырыбында кітап көрмесі, «Менің қиялымдағы әлем» атты ертегі сағаты, жастармен «Далам менің – қазынам, жыр сандығым» жыр кеші өтті. Кітапхана ғимараты-89,9ш.м .
Кітапхана Кітапхана ғимараты-62,5 ш.м.

    Кітапханашы Утешова Жангул Сагизбаевна. Білім арнаулы орта

Жарқамыс балалар кітапханасы

Мекен жайы:Жарқамыс ауылдық округі, Жарқамыс ауылы
Инстаграмм парақшасы: Zharkamys_ balalar_ kitap
Кітапханашы: Ақболатқызы Үміт. Білімі арнаулы орта
Кітапхана: Жарқамыс модельді ауыл кітапханасымен бір ғимаратта орналасқан

            2022 жыл:
            Кітап қоры: 10239
            Мемлекеттік тілде: 7245
            Кітап берілімі: 11696
            Мемл. Тілде: 11541
            Оқырман: 353
            Жасөсп.оқырман:
            Балалар: 353
            Қатысым: 5160
            Өткізілген шаралар: 80
            қатысқандар: 972
            Электронды каталог қоры: 7535
    Кітапханада оқырмандардың, оның ішінде балалар арасында қазақтың танымал тұлғаларының мерейтойлары, «Бір ел-бір кітап», «Оқитын өлке» акциялары аясында мәдени шаралар өтті. «Балаларға базарлық» атты библиофреш және сергіту сәті, жұмбақтар жасаырылып, ойындар ойнатылды. «Әлем кітап беттеріне жазылу үшін жаратылған» - деп, ұлы ғұлама айтқандай, адамзат тарихының өзі – кітап. Кітап – ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ, кітап бар білімнің, бар ғылымның бастауы. Осы орайда 23 сәуір Дүниежүзілік кітаптар және авторлық құқық күніне орай «Кітаппен әлем шуақты» атты библиокеруен ұйымдастырылды.
    «Кітап патшалығының сүйікті кейіпкерлері шақырады» атты ертеңгілік ұйымдастырылды. Балаларға ертегілер туралы түсінік беріліп, ертегілерден үзінділер жасырылып, ойындар ойнатылды. Кітапхана қорына жыл бойы келіп түсетін балаларға арналған газет-журнал басылымдарын оқырмандарға таныстыру мақсатында ашық аспан аясында көрме ұйымдастырылды.Оқырмандар басылымдарға ерекше қызығушылық танытты.

    «Мен өмірдің гүлімін» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Көңілді әндер, қызықты ойындар ойнатылып, «Шапағат» еріктілер тобының ұйымдастыруымен және округ аумағындағы компаниялардың демеушілігімен балаларға тегін балмұздақ таратылды. Жарқамыс орта мектебінің «Жазғы мектеп» оқушылары «Балалар жылына» орай балалар кітапханасына келіп, «Ертегілер әлеміне» саяхат жасады. Оқушыларға кітап көрмесі жасақталып таныстырылды. Балаларға сөзжұмбақ жасырылып, логикалық ойындар ойнатылды. «Жаз келбетін саламын» атты клуб мүшелерімен көрме – сурет ұйымдастырылды. Мақсаты: балаларға жаз мезгілі бойынша түсінік беру, әдемілік пен әсемдікке деген қызығушылықтарын арттыру. Шара барысында балалар өз қиялдарын қағаз бетіне түсірді және жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырылды. «Балауса бағым, бақытты шағым» атты қызықты ойын ұйымдастырылды. «Жұлдыз» және «Жеңіс» деп аталатын екі топ қатысып, жақсы ойын өрнегін көрсетті.
    
    «Жанұямызбен оқимыз» клуб мүшелерінің қатысуымен «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы ұйымдастырылды. Сайыс барасында қатысушылар бірнеше бөлім бойынша топқа түсіп, өз бақтарын сынады. Қатысушылар алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды. Жарқамыс орта мектебімен бірлесе бастау алған «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша балалар кітапханасы оқырмандарды кітап оқуға шақыру мақсатында ертегілер, виртуалды кітаптар, 3D кітаптардан көрме жасақтады.
    Сонымен бірге әлеуметтік желіде инстаграмдағы Zharkamys_ balalar_ kitap парақшасы арқылы тақырыптық. танымдық ақпараттық шаралар, челендж, байқау,сайыстар ұйымдастырылды.
Кітапхана Жарқамыс модельді ауыл кітапханасымен бір ғимаратта орналасқан Көлемі -66,27 ш.м .

Жыңғылдытоғай селолық кітапханасы

Мекен жайы:Көлтабан ауылдық округі, Жыңғылдытоғай ауылы
Кітапханашы: Қызылбаева Ақжүніс Білімі арнаулы орта
Кітапхана: ғимаратының көлемі -61.5 ш.м .

            2022 жыл:
            Кітап қоры: 3269
            Мемлекеттік тілде: 2355
            Кітап берілімі: 640
            Мемл. Тілде: 640
            Оқырман: 20
            Жасөсп.оқырман: 3
            Балалар: 11
            Қатысым: 350
            Өткізілген шаралар: 12
            қатысқандар: 37

     Кітапхана қазақтың танымал тұлғаларының мерейтойлары, «Бір ел-бір кітап», «Оқитын өлке» акциялары аясында тақырыптық. танымдық ақпараттық шаралар өткізілді. . «Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы», «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз», «Байтақ өлке – Ақтөбе», «Жем-Сағыздың әдеби әлемі» атты тақырыптарда тұрақты кітап көрмелері, балалармен танымдық және ауыл тұрғындарымен ақпараттық сағаттар өтеді.

Селолық кітапханалар толығырақ...

Селолық кітапханалар толығырақ...

Селолық кітапханалар толығырақ...


 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі