Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Жаңа үлгідегі Жем модельді ауыл кітапханасы

Мекен жайы: Қызылбұлақ селолық округі, Кемерши селосы

Телефон/факс: 8(71347) 35 6 91

Электронды пошта:zhemkitaphana@mail.ru

Инстаграмм парақшасы:@zemauidykkitaphana

Кітапхана меңгерушісі: Рамбаева Гүлмира Еркінқызы жоғары білімді маман.

Кітапханашы: Ибрашева Айжан және тазалықшы штаты бар.

            2022 жыл:
            Кітап қоры: 15942
            Мемлекеттік тілде: 9853
            Кітап берілімі: 19120
            Мемл. Тілде: 17369
            Оқырман: 939
            Жасөсп.оқырман: 227
            Балалар: 221
            Қатысым: 8000
            Веб-ресурс пайдаланушылар:
            Өткізілген шаралар: 87
            о.і. онлайн шара
            қатысқандар: 1012
            онлайн шараға
            «РАБИС» электр.кат. қор 13716

 Жем модельді ауыл кітапханасында «Парасатты елдің ұрпағы мықты» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Сыбайлас жемқорлық туралы жалпы мәліметтер беру, оның алдын алу, жас жеткіншектер бойында азаматтық ұстанымдар мен патриотизмді қалыптастыру мақсатында өткен шараға ауыл жастары қатысып, өз ойларын білдірді. Кітапхана мамандарымен бірге шара қатысушылары қоғамдағы болып жатқан келеңсіз жағдайлар, сыбайлас жемқорлықпен күресті неден бастау керек деген мәселелер төңірегінде өз көзқарастарын білдірді.


    Қазан айында жазушының туған жері Қызылбұлақ ауылдық округі Кемерши ауылында “Жем өңірінің төл перзенті” атты әдеби портреттік кеш өткізілді. Кемерши ауылындағы Ермағанбет Ишан мешітін Қажығали Мұханбетқалиұлы өз қаражатымен 2001жылы 24 тамызында халықтаң пайдалануына табыс еткен. Мешіт алдына Қ.Мұханбетқалиұлына арналған ескерткіш тақта ашылды. Шара одан әрі Кемерши ауылындағы мәдениет үйінде жалғасты. Кешке жазушының жұбайы Сұлуханым Фатихқызы, апасы Зияш, інісі Еркін Арыстанғалиұлы, баласы Дінбаян Қажығалиұлы және т.б туыстары қатысып Қажығали Мұқанбетқалиұлы туралы естеліктерімен бөлісті. Аудан өнерпаздары, Кемерши ауылының өнерпаздары әннен шашу шашып, мектеп оқушылары Қажығали Мұқанбетқалиұлының “Тар кезең” романынын үзінді оқыды. «Парасат биігіндегі қаламгер» атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Көрмеде жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қажығали Мұханбетқалиұлының шығармалары мен кітаптары қойылып, көпшілікке таныстырылды. Одан бөлек қаламгер туралы кітаптар, баспа бетін көрген мақалалар мен естелік суреттер де көрмеден орын алды. Сондай-ақ кітап көрмесімен қатар, аудандық мұражайдың да жазушыға арнаған көрмесі де халыққа көрсетілді. Мұражай жәдігерлерінің ішінде қаламгердің киген киімдері, қолданған бұйымдары мен орден, медальдары бар.

     Әлеуметтік желідегі @zemauidykkitaphana парақшасында танымдық ақпараттық шаралар.бейнероликтер жарияланып келеді.

   Кітапханада 2 компьютер толық жабдығымен жұмыс жасайды.
   Кітапхана ауылдық мәдениет үйінде орналасқан. Көлемі 60.0 ш.м. Кітапханада 10 орындық оқу залы, абонемент бөлімдері бар
   Кітапхана меңгерушісі-Рамбаева Гүлмира жоғары білімді маман, Кітапханашы- Ибрашева Айжан, тазалықшы штаты бар.

Архив толығырақ...

Архив толығырақ...

Архив толығырақ...

 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі