Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Жаңа үлгідегі Жем модельді ауыл кітапханасы

Мекен жайы: Қызылбұлақ селолық округі, Кемерши селосы

Телефон/факс: 8(71347) 35 6 91

Электронды пошта:zhemkitaphana@mail.ru

Инстаграмм парақшасы:@zemauidykkitaphana

Кітапхана меңгерушісі: Рамбаева Гүлмира Еркінқызы


    Байғанин ауданы, Қызылбұлақ селолық округіндегі Жем селолық кітапханасы - 1963 жылдан ауыл тұрғындарына рухани мәдени қызмет көрсетіп келеді. Негізі қаланған уақытта 2575 дана кітап қоры болған. Алғашқы кітапханашылары – /1963 жыл/ Мұханбетжанов Бәуен, одан кейін Өтепбергенова Маржан кітапханашы болып қызметке орналасып, 1963 жылдан 1988 жылы зейнеткерлік демалысына шыққанша еңбек етті.

    2010 жылдың желтоқсан айында Жаңа үлгідегі Жем модельді ауыл кітапханасы болып қайта қалыптасты.

   2015 жылы «Ауылым -алтын бесігім» кітапханашылардың шығармашылық байқауында «Ауылым алтын бесігім» жинақ және жерлес жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлы» туралы слайд шоуды ұсынып «Үздік кітапханалық басылым» номинациясын иеменденді.

   2019 жылы кітапхананың кітап қоры 14999 дана, (оның ішінде 9013 дана мемлектт. тілде) жыл ішінде 797 оқырман кітапхана қызметін пайдаланып,18936 дана (17677 дана мемлекеттік тілде) кітаппен қамтамасыз етіледі. Келушілер саны – 7101.

    Оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандыру үшін 9 аталымда мерзімді басылымдар алынады, жыл ішінде 1259 дана мерзімді басылым оқылды. «РАБИС» электронды каталог кітап қоры – 8901 дананы құрайды

   2019 жылы Мемлекет саясаты, ҚР Рәміздері, мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын және ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында, ақпараттық түсіндіру бағытында, және жыл ішінде аталып өтілген өнер, әдебиет және қоғам қайраткерлерінің мерейтойлық даталары бойынша жергілікті қоғамдық ұйымдар мен мекеме ұжымдармен бірлесе 161 іс-шара өткізіліп, 2090 адам қамтылды.

Кітапхана ауылдық мәдениет үйінде орналасқан. Көлемі 52,02 ш.м.

Кітапханада 10 орындық оқу залы, абонемент бөлімдері бар

Кітапхана меңгерушісі-Рамбаева Гүлмира жоғары білімді маман

Кітапханашы- Ибрашева Айжан және тазалықшы штаты бар.

 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі