Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Жаңа үлгідегі Жарқамыс модельді ауыл кітапханасы

Мекен жайы: Жарқамыс селолық округі, Жарқамыс селосы

Телефон/факс: 8(71347) 34 8 46

Электронды пошта:zharkamiskitap@mail.ru

Инстаграмм парақшасы:@zharkamys_kitaphana

Кітапхана меңгерушісі: Нуркасымова Алмагул Бекболовна

Кітапханашы: Сисенбина Қанзада

            2022 жыл:
            Кітап қоры:12816
            Мемлекеттік тілде:10860
            Кітап берілімі:23576
            Мемл. Тілде: 22952
            Оқырман: 900
            Жасөсп.оқырман: 335
            Қатысым: 9040
            Өткізілген шаралар: 132
            қатысқандар: 980
            «РАБИС» электр.кат. қор 20453
            Сандық құжаттар қоры: 157 (38 кітап, 119 мақала)

    Жарқамыс модельді ауылдық кітапханасында «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан» атты мерекелік салтанатты жиын өткізілді. Жиында Гимн орындалып, ауыл әкімі құттықтау сөз сөйлеп, оқырмандар көркемсөздерді жатқа айтып, патриоттық әндер шырқалды. «Менің Отаным - Қазақстан» атты кітап көрмесі жасақталып, таныстырылды.

    «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты кітапханалық журфикс өткізілді. Кештің қонағы балаға бар жақсыны аямайтын, мейірімді тәрбиеші, мамандығының майталманы, көпшіліктің алғысына бөленген, бала жанына жол таба білген Жарқамыс бөбекжай-балабақшасының «Күншуақ» тобының тәрбиешісі Сағынбай Жұмагүл апай. Апаймен сұхбат барысында тәрбиеші мамандығының қыр-сыры туралы әңгіме айтылып, бүлдіршіндер тақпақ айтып, Әнуар барша аналарға арнап ән шашу тарту етті. Кеш қонағына сый-сияпат көрсетілді;

   Жарқамыс модельді ауылдық кітапханасында өңіріміздің ақын-жазушылар шығармашылығын өскелең ұрпаққа таныту, жерлесіміз, ақын, сазгер, драматург Бәкір Төлеуұлы Тәжібаевтың туған күніне орай «Бәкір әнге қосқан - Ақбұлақ» жобасы аясында шығармашылығын, ақын жырларын - жыр» «БӘКІР ОҚУЛАРЫ» көркемсөз оқу сайысы өткізілді. Сайысқа Жарқамыс орта мектебі мен Қаражар орта мектебі оқушылары қатынасты. Әр қатысушы ақынның екі өлеңін жатқа оқып, ақын шығармашылығына қатыстьы сұрақтарға жауап берді. Байқаудың талабы мен шартына сәйкес 12-13 жас аралағындағы қатысушылар арасынан 1 орынды Бейілхан Ернұр, ІІ орынды Сүйінтай Нұрасыл, ІІІ орынды Мұқанаова Әсем иеленді. 14-21 жас аралығы бойынша І орынмен Жақсылықова Мерейлі, ІІ орынмен Аюп Әли, ІІІ орынмен Хабидолла Тоғжан марапатталды. Қалған қатысушыларға белсенділік танытқаны үшін Алғыс білдірілді. Кеш барысында Бәкірдің әндері орындалып, «Ән мен жырдың Ақбұлағы» атты кітап көрмесі таныстырылды.

    Кітапханада 2 компьютер толық жабдығымен жұмыс жасайды.

   Кітапханада «Жыр отау» жастардың қызығушылық клубы жұмыс жасайды. Кітапхана ғимаратына 2017 жылы күрделі жөндеу жүргізілді.
Кітапхана көлемі – 84 ш.м.
Кітапханада 20 орындық оқу залы, абономент жұмыс жасайды.
Тазалықшы, күзетші штаттары бар

    

   


Архив толығырақ...

Архив толығырақ...

Архив толығырақ...

 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі