Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Жаңа үлгідегі Ебейті модельді ауыл кітапханасы

Мекен жайы: Қопа селолық округі, Ебейті селосы

Телефон/факс: 8(71347) 73 4 08

Электронды пошта:ebeitikitap@mail.ru

Инстаграм парақшасы:@ebeiti_kitaphanasi

Кітапхана меңгерушісі:Сарсенова Эльмира Агыбаевна


            2022 жыл:
            Кітап қоры: 14896
            Мемлекеттік тілде: 8227
            Кітап берілімі: 20452
            Мемл. Тілде: 20253
            Оқырман: 805
            Жасөсп.оқырман: 184
            Балалар: 164
            Қатысым: 7159
            Веб-ресурс пайдаланушылар:
            Өткізілген шаралар: 115
            қатысқандар: 1725
            «РАБИС» электр.кат. қор 10249
             Сандық құжаттар қоры: 17

    Кітапханада жыл ішінде қазақтың танымал тұлғаларының мерейтойлары, «Бір ел-бір кітап», «Оқитын өлке» акциялары аясында тақырыптық іс-шаралар өткізілді.Ебейті модельді ауыл кітапханасында 25 қараша күні “YMYRTTAGY KITAPHANA” атты әлеуметтік – мәдени шараға орай бір басында сан салалы өнер тоғысқан білім иесінің еңбектерін жан- жақты насихаттау және оқырмандарды Ахмет мұрасымен таныстыру мақсатында “ Ұлт ұстазы” атты әдеби сазды кеш өткізілді. “Ғасыр саңылағы” атты кітап көрмесі оқырмандарға таныстырылды.Қатысқан оқырман саны:23.Қойылған кітап 17

    «Өжет ойлы ақын» атты әдеби поэзиялық кеш өткізілді. Мақсаты: Сәбит Баймолдиннің шығармаларымен жастарды сусындатып, рухани азығына айналдыру. Өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Қасиетті сөз қазынасын тани білуге үйрету. Қатысқан оқырмандар саны:15.

    Қопа ауылдық округінің Ебейті ауылында «Кемел елдің кемеңгер қаламгері» атты кеш өтті. Шараның ашылу салтанатында аудан әкімі аппаратының басшысы Жанин Нұржан Бәтесұлы сөз сөйлеп, жазушының мерейтойы мен құттықтады. Ардагер ұстаз Жұмабаев Төлеген жазушы шығармашылығына тоқталып, тәрбиелік мәніне тоқталып, Мәжиев Меделбай Қ.Мұханбетқалиевтің өмір жолы мен ауданның дамуына сіңірген еңбегіне тоқталып өтті. Ауыл тұрғыны Тоқсанбай Жаннұр жазушы шығармашылығындағы «Кемпір» прозалық әңгімесінен көркемсөз оқыды. Аудан өнерпаздары әннен шашу шашып, кештің көркін қыздырды. Аудандық музей жазушының алған наградалары мен қолданған бұйымдарынан көрме жасап, тұрғындарға таныстырды.Кешке аудандық орталық кітапхананың кітап қорынан «Маржан сөздің зергері» атты кітап көрмесі және аудандық музейдің жазушы жәдігерлеріне ұйымдастырылған көрмелері таныстырылды.

    “Кітап – қазына аралы” атты ашық есік күні өткізілді. “Ойлан тап” интеллектуалдық, “Білім құдығы” логикалық ойындары ойнатылып, шара соңында балаларға тәттілер таратылды.Қатысқан оқырман: 21. Қойылған кітап:18. Дулат Исабековке 80 жыл толуына орай әдеби вернисаж өтті. Оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы түсінік беру мақсатында ұйымдастырылды. Шараға тұрақты оқырмандар қатысты. Қатысқан оқырман саны : 12 Қойылған кітап: 4.

Әлеуметтік желідегі @ebeiti_kitaphanasi парақшасында танымдық ақпараттық шаралар, байқаулар, сайыстар, челендж, посттар, бейнероликтер жарияланып келеді.

Кітапханада балалар арасында ұлттық өнер – қолөнерді насихаттап, еңбекке баулу және ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру мақсатында «Шебер қолдар» балалар қолөнер клубы 2007 жылдан бері жұмыс жасайды. 2 компьютер толық жабдығымен жұмыс жасайды.

Кітапхана ғимараты ауылдық фельдшерлік пунктпен бірге орналасқан. Кітапхана көлемі – 60,0 ш.м.

Кітапхана меңгерушісі Сарсенова Эльмира Агыбаевна – білімі арнаулы орта

кітапханашы, Кітапханашы - Тоқсанбаева Ж (у.к.м.а) Білімі – арнаулы орта. Cыпырушы-тазалықшы штаты бар.


Архив толығырақ...

Архив толығырақ...

Архив толығырақ...

 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі