Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Жаңа үлгідегі Сағыз модельді ауыл кітапханасы


Мекен жайы: Ащы селолық округі, Ноғайты селосы

Телефон/факс: 8(71347) 24 1 08

Электронды пошта:sagizkitap@mail.ru

Инстаграм парақшасы:@sagyz.library

Кітапхана меңгерушісі: Төлеу Ләззат Мырзағалиқызы

Кітапханашы: Ыбырай Ләззәт

            2022 жыл:
            Кітап қоры:16629
            Мемлекеттік тілде: 12530
            Кітап берілімі: 18988
            Мемл. Тілде: 18915
            Оқырман: 1085
            Жасөсп.оқырман: 415
            Балалар: 298
            Қатысым: 9350
            Веб-ресурс пайдаланушылар:189
            Өткізілген шаралар: 205
            қатысқандар: 440
            «РАБИС» электр.кат. қор 15854
             Сандық құжаттар қоры: 120

    Кітапханада жыл ішінде Сағыз моделді кітапханасында «Өжет ойлы, іңкәр жүректі ақын» атты әдеби поэзиялық кеш өткізілді. Кеш мектеп оқушыларынан құралған поэзиялық компазициямен ашылып, әдемі әндермен әсемделді. Кеш барысында арнайы шақырылған қонақтар аулымыздың ақсақалдар кеңесінің төрағасы, зейнеткер Жұмабаев Төлеген Мұқипұлы, ақын С.Баймолдиннің жары Жантөре апамыздың іні-келіні Әбілханов Айзақ Жұмашұлы мен Қаймақбаева Бейбіткүл, Сағыз орта мектебінің мұғалімі Кульметова Бактыгүл қатынасты. Ақынның жары мен ақын туралы естеліктерімен бөлісті. Сағыз орта мектебінің 5-сынып оқушысы Әлібек Абзал Досболсынұлы ақын С.Баймолдинге арнаған өлеңін оқыды. Кеш соңында Сағыз моделді кітапханасының кітапханашысы Ыбрай Ләззат Жүсіпқызы Жыр жүректің бұлағы атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

    Сәуір айында Ащы ауылдық округінде «СӨЗІ ДЕ ДӘЛ ӨЗІНДЕЙ СЫРБАЗ ТОРЫ» атты әдеби портреттік кеш өткізілді. Қаламгердің қарымды қаламынан жарық көрген туындылары жайлы, шағармашылығы мен қайраткерлік тұлғасы жайлы Жұмабаев Төлеген Мұқипұлы, Ермұхамбетов Шоқан өз естеліктерімен бөлісті. Сағыз модельді ауылдық кітапханасының оқырманы Әуелбай Ақниет Қажығали Мұқанбетқалиұлына өз арнауын оқып, аудандық мәдениет үйінің және Ноғайты клубының өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті. Кеште жазушының өмір жолынан шығармашылығынан кітапхана деректер қорында сақталған естелік суреттерден кең көлемде слайд жасалып «МАРЖАН СӨЗДІҢ ЗЕРГЕРІ» атты кітап көрмесі және аудандық музейдің жазушы жәдігерлеріне ұйымдастырылған көрмелері ұсынылып, кеш қонақтарымен, оқырмандарға таныстырылды.

    Сағыз модельді ауылдық кітапханасы Ащы клуб үйімен бірлесе отырып «Ана мәңгі сарқылмайтын ән жырым» - атты мерекелік кеш өткізілді. Мақсаты: 8 наурыз мейрамы туралы түсінік беру, ана деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, аналар туралы өлең шумақтарын оқуды мәнерлі сауатты, анық оқи алуға машықтандыру.





   Әлеуметтік желідегі @sagyz.library парақшасында танымдық ақпараттық шаралар, байқаулар, сайыстар, челендж посттар, бейнероликтер жарияланып келеді.

Кітапханада 2 компьютер толық жабдығымен жұмыс жасайды.

Кітапханада 20 орындық оқу залы, абономент және балалар, жасөспірімдер бөлімі жұмыс жасайды. Кітапхана ғимараты байланыс, пошта, полиция мекемелерімен бір ғимаратта орналасқан. Кітапхана көлемі – 100,90 ш.м. Кітапхана меңгерушісі- Төлеу Ләззат, білімі жоғары,кітапханашы- Ыбырай Ләззат, білімі арнаулы орта және тазалықшы штаттары бар.


Архив толығырақ...

Архив толығырақ...

Архив толығырақ...

Архив толығырақ...

 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі