Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі

Мекен – жайы: Байғанин ауданы, Қарауылкелді селолық округі,Қарауылкелді селосы

Телефон/факс: 8713- 45- 22-2-03,23-1-35

E-Mail:Baiganinkitap@mail.ru

Сайт:http://www.bjka.kz

Кітапхана директоры: Тукенова Айгул Жамиевна


Кітапхана туралы қысқаша анықтама

    Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі негізі 1940 жылы аудандық халық ағарту бөлімі жанынан ашылып, 1946 жылы аудандық мәдениет бөліміне берілді. Кітапхана саласын дамытып, аудан тұрғындарына Төлегенова Нұрбалқан, Есетов Қартжан, Нысанбаева Жәния, Ешпанова Олжа, Жалмағамбетова Нұрсұлу, Әминова Жаңыл, Әбдірова Сымбат, Қостанова Сапура, Қайболдина Зибагүл, Тілесова Сауле, Шоқатов Түгелбай, Имандосова Асыл, Имашева Роза, Наурызбаева Зина, Дүзбаева Клара, Өтепбергенова Маржан, Шамбаева Айғаш, Отыншина Қаным, Қалмұханова Сәуле, Молдашева Қанзиба, Жұмағанбетов Жүндібай, Қоңырова Рысжан, Берікова Дания т.б. кітапхана мамандары жоғары деңгейде рухани қызмет етті.

    1965-66 жылдары кітапхана жүйесінің кітап қоры 25516 дана болып, 1940 оқырманға 10973 дана кітап берілімімен қамтылған. 1974 жылы кітапханаға орталықтандыру жүйесі енгізіліп, 1996 жылдары 36 кітапхана-филиалдары болды. 1997 жылдары оңтайландыру саясатына орай кітапханалар қысқартылып, 9 кітапхана болып қалды.

    1974-1984 жылдары аудандық кітапхананы Жуканов Қиынбай басқарып, аудан кітапханаларын орталықтандыру жүйесін енгізуде мәдениет бөлімің меңгерушісі Сарыбаев Сүндет көп еңбек сіңірді. Осы жылдары аудандық орталық кітапхана бірнеше рет «Облыстың үздік кітапханасы» атағына ие болды.

    1985-1999 аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесін Ж.Сұлтанова, 1999 - 2015 жж Батима Кенжебаева басқарды.

    1999 жылдан бастап ауданда 11 кітапхана жұмыс жасаса, бүгінгі таңда 22 кітапхана аудан тұрғындарына рухани қызмет етеді. Оның ішінде 2 - балалар, 19 –селолық; оның ішінде 8 моделді ауыл кітапханасы), 1- орталық кітапхана. Осы кезеңнен бастап адандық орталық кітапхана компьютерлендірілсе, 2007 жылдан бастап кітапхана жүйесіне қарасты ауыл кітапханалары ҚР Ұлттық Кітапханасының «РАБИС» бағдарламасының «Каталогизатор», «Іздестіру-тапсырыс» модулдерімен жұмыс жасай бастады.

    Ауыл кітапханаларында тұрғындарға үздік қызмет көрсетуде Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында 2001 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай аудандық ОКЖ-не қарасты Жарқамыс селолық кітапханасының кітапханашысы Б.Нұрдаулетова және балалар кітапханасының кітапханашысы М.Сейілханова ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Алғыс хатына» ие болды С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының дайындаған «Кітап-жан азығы» атты Жарқамыс селолық кітапханасының іс-тәжірибесі республика кітапханаларына таратылды. Қазіргі таңда Жарқамыс модеді ауыл кітапханасы облыстағы ең үздік ауыл кітапханаларының қатарында.

    Ауданның кітапхана саласында заман талабына жаңа инновациялық жобалармен жұмыс жасауда кітапхана мамандары Л.Дәрібаева, Ж.Әлқуатова С.Елтезерова, О.Сағымбаева, Д.Ауданбаева , Ж.Көккөз, Р.Нұрғазина, Бұхарбаева Б., Мергенова Б., А, Г. Мұхамбетияр, Алпысбаева Т., Ишанова Қ. және т.б. ауыл тұрғындарына рухани мәдени қызмет көрсетуде Жұлдызбаева Қ., Әлібек Г., Баширова Ә., Сәрсенова Ж., Әлдешова Э., Жамиева Ұ., Жұмағалиева С., Қыстаубаева Л., Сейілханова М., Төлеу Л., Айтмұрзаева К. , Рамбаева Г. Естұр Б., т.б.есімдерін атауға болады.

    1999- 2015 жылдары басқарған Б.Кенжебаева –2013 жылы «ҚР Мәдениет қайраткері» атағына ие болса, 2015 жылы - Тукенова Айгул «Кітапхана ісінің үздігі» атанды.

    2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап Тукенова Айгул Жамиевна тағайындалды.

    2017 жылы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітап қоры - 240506 дана, оның ішінде мемлекеттік тілдегі басылымдар – 160753 дана. Жыл ішінде 14475 оқырман (о.і. жасөспірімдер - 3713,балалар - 4213) кітапханаға тартылып, оларға 319969 (оның ішінде мемлекеттік тілде 302530 дана) кітап берілімін қамтыды. Жыл ішінде оқырмандардың қатысымы 169451 болды. Аудан кітапханалары оқырмандардың ақпараттық сұранымын қанағаттандыру мақсатында 2018 жылы 52 аталымда мерзімді басылымда алады.

    Өлкетану бағытында деректер базасы «Байғанин -байтақ, жайнаған өлкем», «Аймақтың әдеби айнасы» жобалары жұмыс жасауда, Байғанин ауданы танымал ақын-жазушылары және оқырман сұранысына сәйкес 52 дана кітап сандық форматқа енгізілген. Жүйе бойынша электронды қор саны -121141 –ді құрайды.

    Интернет жүйесі, кітапхана веб-сайты http://www.bjka.kz/ жұмыс жасап келеді. Сонымен қатар http://baiganin.blogspot.com/ «Жыр тамған жүрек», http://baiganinblog.blogspot.com/ «Жемнің қос жұлдызы» (Сағи Жиенбаев, Т.Жармағанбетов) , http://baiganinkitap.blogspot.com «Байғанин дарабоздары», http://batyrlar.blogspot.com/ «Ешкімде ешнәрсе де ұмытылмайды» блогтары жұмыс жасап, жаңа мәліметтермен толығуда.

    Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі аудан халқына мәдени-рухани қызмет көрсетуде жетістіктерге қол жеткізді. 2013 жылы - М.О.Әуезовтың туғанына 115 жыл толуына орай өткен «Мұхтар Әуезовты оқимыз» халықаралық акциясына қатысқаны үшін ҚР Ұлттық кітапханасы мен Мұхтар Әуезов қорының Алғыс хатына, «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында «Фариза Оңғарсынова жырлары шашқан шұғыла» атты Кітапханалық блогтардың халықаралық байқауына «Оқырман үшін ең үздік кітапханалық блог» номинациясы бойынша baiganin.blog.spotcom. «Жыр тамған жүрек» жобасымен қатысып ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының Сертификатын иеленді.2014 жылы жерлес жазушы Тобық Жармағамбетов пен ақын Сағи Жиенбаевтың 80 жылдығына арналған «Жемнің жарық жұлдыздары» үздік кітапханалық блог облыстық байқауында «Жемнің қос жұлдызы» baiganin.blog.spotcom. блогы І-ші орынды жеңіп алды.

    Аудан кітапханаларында Мемлекетіміздің Конституциясын, Мемлекеттік Рәміздер, Елбасының жарлықтары мен Үкіметіміздің қаулы - қарарларын басшылыққа алу ,«Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан Республикасы Президентінің ұзақ жылға арналған бағдарламасы, «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы, «Цифрлы Қазақстан», «Қазақстанның болашаққа нақты 100 Қадамы» 5 институционалды реформасы», «Рухани жаңғыру» бағдарламалары, мемлекеттің жаңа аса маңызды әлеуметтік – саяси тапсырмалары, мемлекеттік және аймақтық, салалық бағыттардағы бағдарламаларын тұрғындар арасында ақпараттық түсіндіру, жас ұрпақтар арасында ұлттық патриотизмді қалыптастыру және оқырмандарды кітапханалық, анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызметпен қамтамасыз ету, мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру бағытында инновациялық технологияларды пайдалануда республикалық, облыстық деңгейде онлайн кештер, кітап тұсаукесерлері өткізіліп, кітап көрмелері ұйымдастырылуда.

Ел мен өңірдің тағылымды тарихын әлеуметтік-экономикалық , мәдениет пен руханиятты дамытуда бірлесе іс шаралар жүргізуде « Туған жерім-нұрлы елім», «Туған жерге тағзым» облыстық акциясы, «Құтты мекен –Ақтөбе» республикалық форум аясындағы іс шараларда кітапхана саласы мамандары белсенділік танытты.

    С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада «Аймақтық кітапханалар күні» жобасы аясында «Байғанин кітапханалары: Шығармашылық ізденістер мен жетістіктер» кітапхана күндері жоғары деңгейде өткізілді. 2017 жылы Ақтөбе облысы әкімінің арнайы сыйлығына оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Боранбаева Гүлнұр иеленсенсе, жас маман Мәтбаева Назекен жарияланған республикалық «ЖАС МАМАН ҒАЛАМШАРЫ» видеороликтер конкурсына қатысып , цифрлы Қазақстанның кітапханасы қандай болу керек, т.б. жобаларды ұсыну мақсатында ұсынылған видеоролигі үздік деп танылып, ұйымдастыру алқасы «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының «ЕҢ ҮЗДІК КІТАПХАНАШЫ- 2017» номинациясымен марапатталды

    Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ғимаратының көлемі – 1332.2 шаршы метр, дербес ғимаратта балалар кітапханасымен бірге орналасқан. Оқырмандарды кітаппен қамту бөлімі (абономент, 50 орындық оқу залы), балалар кітапханасы (абономент,30 орындық оқу залы), автоматтандыру, анықтама – библиографиялық, құжаттарды жинақтау және өңдеу бөлімі, кітапханаларды дамыту бөлімдері орналасқан. Кітапханада 11 компьютер (оның ішінде 2-уі Интернет жүйесіне қосылған), 3 көшірме құралы, 1 телефон - факс, теледидар, бейне магнитофон, бейнекамера, фотоаппарат жабдықтары бар.


Архив толығырақ...


 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі