Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Жолмұханов Төлеужан Бауыржанұлы

      1994 жылы 16 қыркүйекте Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылында дүниеге келген. 2002-2012 жылы Қарауылкелді орта мектебінде білім алды. 2004 жылы аудан орталығындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне «қазақ күресі» спорттық үйірмеге қатысты. 2004-2006 жылдары аралығында аудан бойынша өткізілген түрлі жарыстарда 29кг. салмақ дәрежесінде I орынмен марапатталды Өзінің спортқа деген қызығушылығымен облыстық деңгейде өткен спорттық жарыстарда 13-16 жасында жүлдегер атанды. 2009 -2012 жылдары самбо, дзюдо, еркін және қазақ, белбеу күрестері облыстық, республикалық чемпионаттар мен жарыстарда 48- 60 салмақ дәрежелері бойынша алтын, күміс ,қола медалдарын иеленді. 2012 жылы Байғанин ауданы бойынша қазақ күресінен 17 жасында ҚазақстанРеспубликасының «спорт шебері» атағын иеленді. Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылында «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде» қазақ күресінен жаттықтырушы болып жұмыс жасап, 2013 -2014 жылы Қарағанды облысы, Приозерск қаласында, 0624 әскери бөлімшесінде әскери борышын өтеді. Қазіргі таңда мұнай саласында қызмет жасайды.

 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі