Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters


Құрметті оқырмандар!

Байғанин аудандық орталықтандырлыған кітапхана жүйесінің

сайтына хош келдіңіздер!

   2022 жылдың басында еліміздегі толқулар мен бүлікшілердің әсерінен болған «қасіретті қаңтар» оқиғасы қазақ халқының бірлік пен бейбітшілікті көздейтінін айқындады.

   2022 жылдың 11 қаңтардағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында жаңа Үкімет басшысын ұсынып, Парламентке және халыққа таныстырды. Елде жасалуы тиіс жаңа реформаларды жеткізіп, алдағы мақсат-міндеттерді анықтап берді. «Қиын күндер артта қалды. Осы сәтте ел тағдыры үшін ұйыса білген бүкіл халқыма шынайы ризашылығымды білдіремін. Бәріміз бұл оқиғадан сабақ алуымыз керек. Ең бастысы, береке-бірлікті, тыныштық пен тұрақтылықты сақтауымыз қажет. Еңді Қазақстанда дамудың жаңа кезеңі басталады. Бұл шынайы жаңару кезеңі болады. Егемен елімізді бірге өркендетейік. Халқымыз үшін тәуелсіздік бәрінен қымбат. Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!» – деген Президент сөздері Қазақстан халқына жігер беріп, жарқын болашаққа деген сенім ұялатты. Дана халқымыз сан қилы замандардан бері елге төнген қауіпті, туындаған қиыншылықтарды те арада бірігіп, дер кезінде жеңе білген.

       Елдік пен бірліктің мекені – жаңа Қазақстанда парағын ашқын 2022 жылы есімдері ел танылған, қазақтың тарихи тұлғалары Ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы, опера және эстрада әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл мерейтойлары ЮНЕСКО көлемінде тойланса, сонымен бірге Байғанин өңірінің тұлғалары ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауретаты, қаламгер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлының және қазақтың көректі ақыны Сәбит баймолдиннің туғанына 80 жыл мерейтойлары аталып өтіледі.

       Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде бүгінгі таңда 22 кітапхана, оның 1- аудандық, 2-балалар,8 –модельді, 11 – ауылдық кітапхана аудан тұрғындарына рухани қызмет етеді.Жүйе бойынша 2022 жылы кітап қоры -252841дана, оның ішінде мемлекеттік тілдегі басылымдар саны - 177452. жыл ішінде -14857 оқырман, оның ішінде 15-21 жастағылар саны -3696, балалар -4253) кітапхана қызметімен қамтылады, кітап берілімі -322957 . оның ішінде мемлекеттік тілде - 315763 дана беріліммен қамтылды. Жалпы оқырмандардың мерзімді басылымдарды оқуы - 29796–ға жетіп отыр. Кітапхана қызметін пайдаланушыларының қатысымы - 233556., веб-сайт, блогтарды пайданушылар саны 76070–нан асады.

    Ақпараттық қорлар кітапхана жүйесі бойынша 2021 жылы дана кітап, мемлекеттік тапсырыспен 3286 аталымда 197 дана кітаппен толықты. Оның ішінде мемлекеттік тілде 2908 дана кітап. Сомасы 6242611,16 теңге. Жыл ішінде акцияға 85 аталымда 178 дана кітап. 2021 жылы 31 аталымда мерзімді басылым (оның ішінде мемлекеттік тілде 29 аталым) бағасы 1556757,87 теңге. 2022 жылға 38 аталым (оның ішінде мемлекеттік тілде 35 - аталым) бағасы -2,096094,80 теңге

2021 ж толығырақ...


       Біздің мекен-жайымыз:

 

Ақтөбе облысы,
Байғанин ауданы,
Қарауылкелді селосы,
Барақ батыр көшесі,
№29 үй
Телефон: 8(71345)22 2 03, факс: 8(71345)23 1 35
E-mail: baiganinkitap@mail.ru

 
 
 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі